Қазақ өтірік өлеңдерінің құрылымдық қызметі

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

ҚарУ баспасы

Abstract

Мақалада қазақ халық поэзиясының бір түрі өтірік өлеңдердің поэтикасы қысқаша мағынада қарастырылды. Жанрлық атауына байланысты зерттеуші ғалымдар шолу түрінде ғана атап өтіп, ғылыми ой-пікірлер білдіргені болмаса, өтірік өлеңдер арнайы қарастырылған емес. Осы мəселеде қазақ халқының бірде айтылып, көбінесе ғылыми тұрғыдан зерттеуді қажет ететін өтірік өлеңдердің де табиғатын түсініп, тілдік тұрғыдан талдаудың маңызы зор. Ата-бабаларымыздың аманаты ретінде бізге жеткен өтірік өлеңдердің негізінде азаттық, бостандық ұғымдары көтеріледі. Оның сырын өтірік өлеңдердің тіліне терең үңіліп, өнердегі жəне өмірдегі атқарып тұратын қызметін түсіну арқылы көз жеткізуге болады. Өтірік өлеңдердегі айтылатын сын, əзіл–қалжыңның астарында қоғамға деген таным-түсініктің жатқаны оның поэтикасынан байқалады. Өтірік өлеңдердің құрылымынан ерекше көрінетін ажарлаудың үлгілері эпитет, теңеу, дыбыстық қайталаулардың басым екендігін аңғаруға болады. Ал өлең құрылымының буындық өлшемдері көбінесе он бір буынды қара өлең, балалардың өтірік өлеңдері жеті-сегіз буынды аралас ұйқастармен ерекшеленеді. Бұны өтірік өлеңдердің табиғи болмысын танытатын өзгешелік десе де болғандай. Шапшаң ойлау мен тапқырлықты өнеге тұтқан халқымыз сөз өнерінің бір түрі ретінде оны орынды қолдана алған.

Description

Citation

Шахина С.Ж. Қазақ өтірік өлеңдерінің құрылымдық қызметі/С.Ж. Шахина//Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology Series. -2021. №2. 59-67 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By