Білім беру ортасында адам құқықтарын жүзеге асыруды нормативтік-құқықтық реттеу
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Abstract
Мақалада білім беру ортасында адам құқықтарын жүзеге асырудың нормативтік-құқықтық реттеу механизмі ашылған жəне осы институттың негізгі ерекшеліктері қарастырылған. Білім беру саласындағы адам құқықтарын құқықтық бекітумен практикалық жүзеге асырудың өзекті мəселелері талқыланып, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамды дамыту жағдайында азаматтардың білім алуға конститу-
циялық құқығын толыққанды жəне сапалы қамтамасыз етуді жүзеге асыру проблемаларын шешу жолдары ұсынылды. Танымның жалпы жəне арнайы ғылыми əдістері негізінде теориялық жəне эмпирикалық материалдарды талдау жəне жалпылау жүргізілген. Зерттеу нəтижесі білім беру ортасында адам құқықтарын нормативтік-құқықтық реттеудің даму үрдістерін анықтау жəне білім беру саласын-
дағы заңнаманы одан əрі жаңғырту перспективаларын айқындау. Білім беру саласындағы адам құқықтары оқыту мен тəрбиелеудің кез келген түрімен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді жəне адам құқықтарын жүзеге асырудың құқықтық тетіктерін қалыптастырады. Зерттеудің мақсаты — осы
саладағы адам құқықтарын қорғау жəне қамтамасыз ету ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру ортасында адам құқықтарын нормативтік-құқықтық реттеуді жетілдіру жолдарын əзірлеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасында білім туралы заңнаманы жүйелі жаңғырту бойынша нақты ұсынымдарды қалыптастыру.
Description
Citation
Шакирова A.Б. Білім беру ортасында адам құқықтарын жүзеге асыруды нормативтік-құқықтық реттеу/ A.Б. Шакирова, А.Лавничак,Н.Р. Весельская//Қарағанды университетінің хабаршысы. «Тарих. Құқық» сериясы.-2022.- № 4(108). – б. 49-55.