Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті құқықтық реттеу

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ баспасы

Abstract

Қоғамдық инфрақұрылымды дамыту өз кезегінде жеке бизнес пен мемлекеттің өзара іс-қимылының әртүрлі нысандарын пайдалануды талап етеді. Осындай нысандардың қатарына мемлекеттік- жекешелік әріптестік кіреді. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік инвестицияларды тарту, бюджеттік ресурстарды үнемдеу, бәсекелестік пен кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыру сияқты оң нәтижелер беріп, көптеген дамыған мемлекеттерде сәтті қолданылуына байланысты, оның реттелуі елдің норма- тивтік құқықтық актілерінде де өз орнын тапқан. Мәселен, қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріп- тестік орталығының келтірген ақпаратына сәйкес, тек білім саласында ғана 2020 жылдың 1 маусымы- на дейін 786 мемлекеттік-жекешелік әріптестіктік шарты жасалған. Бұл жасалған барлық шарттың 56 пайызын құрайды. Мақаланың мақсаты — мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің әртүрлі құқықтық нысандарын нормативтік-құқықтық реттеудің ерекшеліктерін талдау. Мақалада авторлар жария- жекешелік әріптестікті құқықтық реттеу қағидаларының мазмұнын жан-жақты зерттеген, тұжырымда- ған және мәнісін ашқан. Аталған мәселе бойынша ғылыми әдебиеттерде бар ұстанымдар талданып, олардың осы мәселе төңірегіндегі жаңаша ойлары қарастырылған. Халықаралық ұйымдардың, соны- мен қатар экономикасы өзара тығыз байланысқан ЕАЭО елдерінің нормативтік құқықтық актілері талданған. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік институтының мәнін білдіретін бастапқы қағидаттар, ережелер сияқты қағидалар құқықтық реттеудің біркелкілігін қамтамасыз ету үшін заңнамалық тұр- ғыдан бекітілуі керек екендігі дәлелденді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде құқықтық реттелу тетіктері ашылып, басқа елдердің тәжірибелерімен салыстырылып, артықшылықтары мен кемшілік- тері ашылған.

Description

Citation

Курманов А.А. Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті құқықтық реттеу/А.А.Курманов, С.Б.Курманова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Құқық сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия право. = Bulletin of the Karaganda University. Law series. -2023. № 2(110) Б. 101-106.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By