Доңызтау флорасындағы Amaranthaceae тұқымдасы

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетоватындағы Қарағанды университеті

Abstract

Мақалада Ақтөбе облысы Доңызтау кемеріндегі Amaranthaceae тұқымдасының таралуы қарастырылған. Доңызтау флорасында 25 туысты құрайтын 67 түр тіркелген. Amaranthaceae тұқымдасы Доңызтаукемері флорасында түр жағынан бірінші орын алады. Ол Доңызтау флорасының 20 % алып жатыр.Таксономиялық талдау тұқымдас ішінде доминантты туыстарға Salsola, Anabasis, Suaeda,Climacoptera, Atriplex жататындығын көрсетті. Amaranthaceae тұқымдасының түрлік құрамына, субстратқа байланысты, экобиоморфологиялық талдау жасалды. Тіршілік формалары И.Г. Серебряков бойынша, экологиялық талдау А.П. Шенников классификациясына сай жасалды. Тіршілік формаларының талдауы түрлердің біржылдық түрлерінің басымдығын байқатты. Тұқымдас ішінде барлық түрдің 70 % алады. Экологиялық талдау түрлердің басым көпшілігі ксерофилдерге тиесілі екендігін дәлелдеді. Олардың үлесі 80 % құрайды. Өсімдіктердің тіршілік формаларының арақатынасы аймақтың Қазақстанның шөлді аймағында сай шұғыл континенталды және құрғақ климатты екендігін көрсетеді. Мақалада тұқымдас түрлердің конспектісі берілді. Конспектіде түрлердің латын-қазақша атаулары, тіршілік формалары, экологиялық топтары, субстратқа байланысты, шаруашылықтағы маңызы және ареалы көрсетілді. Өсімдіктердің шаруашылық құнды топтары анықталды: жемдік, техникалық, дәрілік, улы, инсектицидтік, топырақ, орман және фитомелиоративті өсімдік түрлері. Біраз түр эдификатор ретінде маңызды роль атқарады.

Description

Citation

Доңызтау флорасындағы Amaranthaceae тұқымдасы / Куанбай Ж.І. [et al.] // Қарағанды университетінің хабаршысы. «Биология. Медицина. География» сериясы. – 2022. – Vol.16. – № 4(108). – б. 76-82.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By