«Дала» концептісі «Қазақстан» концептосферасының фрагменті ретінде

dc.contributor.authorБаербекова, А.Е.
dc.contributor.authorРапишева, Ж.Д.
dc.contributor.authorҚазанбаева, А.З.
dc.contributor.authorҚалиев, Б.А.
dc.date.accessioned2026-05-29T05:27:54Z
dc.date.available2026-05-29T05:27:54Z
dc.date.issued2026-03
dc.description.abstractМақалада қазақ халқының мəдениеті мен дүниетанымында ерекше орын алатын «дала» концептісінің лингвомəдени жəне когнитивтік қырлары жан-жақты зерттелген. «Дала» ұғымы қазақ халқының ұлттық болмысы мен мəдениетінде айрықша маңызға ие, ол халқымыздың кеңістік туралы түсінігін, еркіндікке деген сүйіспеншілігін, рухани құндылықтарын, патриотизмін жəне табиғатпен үйлесімді өмір сүру философиясын бейнелейді. Зерттеу барысында «дала» концептісінің қазақ халқының ұлттық санасындағы орны мен оның «Қазақстан» концептосферасының негізгі өзегін құрайтыны анықталды. Бұл ұғымның құрылымы фреймдік талдау əдісі арқылы қарастырылып, негізгі моделі анықталды. Мақалада фреймге анықтама беріліп, тілдегі негізгі қызметі талқыланды. Когнитивтік лингвистикадағы фрейм — білімді ұйымдастырудың маңызды құралы. М. Минскийдің фреймді адамның жадындағы ақпарат пен көрген мəліметті модельдеу əдісі ретінде, яғни ол санадағы визуалды, стереотиптік қабылдауға негізделген ақпараттық құрылым екені талданып, ал Ч. Филлмор фреймді тіл біліміне енгізіп, оны концептуалды білім мен когнитивтік құрылым ретінде қабылдағаны сипатталды. Зерттеуші ғалымдардың фреймді жадыда сақталған ассоциация жиынтығы немесе стандартты білімді қамтитын көпқұрамды концепт деп қарастыратыны, фреймдер ақиқаттың санада топтасып, концептуалдық жүйе қалыптастыруын қамтамасыз ететіні баяндалады. Жоғарыда айтылған фреймдік құрылым негізінде «Отан», «ел», «туған жер», «ауыл», «өлке», «аймақ» сияқты ұғымдардың мазмұны ашылды. Сонымен қатар біртұтас жалпы концептінің бір бөлігі немесе оның ішкі категориясы болып табылатын «субконцепт» ұғымына анықтама беріліп, «дала» концептісін құрайтын «Ұлы дала», «қазақ даласы», «сайын дала», «байтақ дала», «жазық дала» субконцептілердің тілдік ерекшеліктері мен олардың мəдени-танымдық мəні терең талданды. Зерттеу барысында Қазақстан мен Татарстан жастарының қатысуымен ассоциативтік эксперимент жүргізілді. Эксперимент нəтижесі «дала» ұғымының бауырлас екі елдің де тілдік санасында маңызды орын алатынын көрсетті. Бұл ұғымның қазақ халқының ұлттық бейнесін айқындайтын негізгі концепт ретінде танылғаны дəлелденді. Сондай-ақ «дала» ұғымының қазақ халқының дүниетанымы мен мəдениетіндегі өзектілігі мақал-мəтел, фразеологизм жəне лексикографиялық деректер негізінде дəйектелді. Мақалада «дала» концептісінің тарихи, мəдени жəне тілдік тұрғыдан терең талдануы оның қазақ халқының ұлттық кодын айқындаудағы маңыздылығын көрсетті. Зерттеу нəтижелері «дала» концептісінің қазақ халқының мəдениеті мен дүниетанымындағы орны ерекше екенін жəне оның ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы рөлін айқындауға мүмкіндік беретінін көрсетті. «Дала» ұғымы қазақ халқының ұлттық болмысын, рухани құндылығын жəне мəдени ерекшелігін тереңірек түсінуге жол ашады.ru_RU
dc.identifier.citationБаербекова А.Е. «Дала» концептісі «Қазақстан» концептосферасының фрагменті ретінде/А.Е. Баербекова [және т.б.]//Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology Series. -2026. 89-102 б.ru_RU
dc.identifier.urihttps://rep.buketov.edu.kz//handle/data/22721
dc.language.isootherru_RU
dc.publisher«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» КеАҚ баспасыru_RU
dc.relation.ispartofseriesҚарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology Series.;№1(121)/2026
dc.subject«Қазақстан» концептосферасыru_RU
dc.subject«дала» концептісіru_RU
dc.subjectфреймдік талдауru_RU
dc.subjectлингвомəдени бірлікru_RU
dc.subjectассоциативтік экспериментru_RU
dc.title«Дала» концептісі «Қазақстан» концептосферасының фрагменті ретіндеru_RU
dc.title.alternativeКонцепт «степь» как фрагмент концептосферы «Казахстан»ru_RU
dc.title.alternativeThe concept of “steppe” as a fragment of the conceptosphere “Kazakhstan”ru_RU
dc.typeArticleru_RU

Files

Original bundle

Now showing 1 - 1 of 1
Loading...
Thumbnail Image
Name:
фил-89-102.pdf
Size:
1.18 MB
Format:
Adobe Portable Document Format
Description:

License bundle

Now showing 1 - 1 of 1
Loading...
Thumbnail Image
Name:
license.txt
Size:
1.71 KB
Format:
Item-specific license agreed upon to submission
Description: