Тауар жеткізілімі элементтері бар мердігерлік шартын құқықтық реттеудің ерекшеліктері: теориялық тәсілдер мен соттық тәжірибе

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Акад. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті

Abstract

Мақала Қазақстан Республикасының азаматтық құқық жүйесіндегі тауар жеткізілімі элементтері бар мердігерлік шартын құқықтық реттеудің ерекшеліктерін кешенді зерттеуге арналған. Тақырыптың өзектілігі осындай аралас шарттарды құқықтық тұрғыдан саралаудың күрделілігімен және Қазақстан заңнамасы, ең алдымен ҚР Азаматтық кодексі контексіндегі негізгі міндеттемелерді: жұмыстарды орындауды (мердігерлік) және мүлікті беруді (жеткізу) ажырату өлшемдерін анықтау қажеттігімен негізделген. Осы шарттардың өзара байланысы мен тоғысу нүктелерін зерттеуге, сондай-ақ олардың құқық қолдану практикасындағы арақатынасы мен өзара іс-қимылының тетіктерін анықтауға ерекше назар аударылады. Тиісті нормаларды қосымша қолдану мақсатында шарттың басым элементін анықтауға арналған теориялық тәсілдер талданды. Көрсетілген шарттық конструкциялардан туындайтын дауларды шешу бойынша ҚР Жоғарғы Сотының және жергілікті соттардың сот практикасына талдау жасалған. Тәуекелдерді бөлуге, жұмыстарды тиісінше орындамағаны немесе сапасыз тауарды жеткізгені үшін тараптардың жауапкершілігіне, сондай-ақ меншік құқығының ауысу сәттеріне және оларға залалдарды өтеу туралы ережелерді қолдануға қатысты мәселелер зерттеледі. Жұмыстың нәтижесі құқықтық анықтықты арттыруға, құқық қолдану практикасындағы тәсілдерді біріздендіруге және Қазақстан Республикасының коммерциялық айналымындағы шарттық базаны жетілдіруге бағытталған дәлелді қорытындылар мен ұсыныстар болып табылады.

Description

Citation

Әлімов О.Т. Тауар жеткізілімі элементтері бар мердігерлік шартын құқықтық реттеудің ерекшеліктері: теориялық тәсілдер мен соттық тәжірибе / О.Т. Әлімов, Т.В. Степанова // Қарағанды университетінің хабаршысы. «Құқық» сериясы. - – 2025. – Том.30 – № 4(120). – 112-121 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By