Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық білім беруге көшудің қазіргі ерекшеліктері
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарМУ басп.
Abstract
Мақалада Қазақстандағы 12 жылдық білім беру мəселелері қарастырылған. Кейінгі жылдары білім беру жүйесі біршама ілгері қадам басты. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын жасау мен енгізуге, вариативті оқытуға, білім беру сапасының өлшемдерін жетілдіруге мүмкіндік жасалды. 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу білім беру, ғылым саласындағы орасан зор жаңашылдық болды. Қазақстандық жалпы орта білім беретін мектептер кейінгі жылдары жаңа сипатқа қол жеткізді. Соның ішінде жалпы білім берудің мемлекеттік стандартын жасау жəне енгізу,
несиелік технология негізінде үш деңгейлі жоғарғы білім беру моделін енгізу, вариативті оқытуға, білім беру сапасының өлшемдерін жетілдіру мықтап қолға алынды.
Description
Citation
Баймұқанова, М.Т. Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық білім беруге көшудің қазіргі ерекшеліктері / М.Т.Баймұқанова, Т.М.Омашева // Қарағанды университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы.=Вестник Карагандинского университета. Серия Педагогика. – 2015. - № 2. – 135-140 б.