Антоним компонентті фразеологизмдер құрамындағы антоним түрлері (ағылшын жəне қазақ тілдері материалында)
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарУ баспасы
Abstract
Мақалада екі əр түрлі құрылымды тілдердегі антоним компонентті фразеологизмдер қарастырылды.
Фразеологиядағы антонимдерді талдау лексикалық антонимдердің классификациясы негізінде жүзеге
асырылды. Жүргізілген зерттеуде фразеологизмдер құрамындағы антоним-компоненттердің құрылымдық
түрлері, сонымен қатар қарама-қарсылық категориясына негізделген семантикалық түрлері айқындалған.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы ағылшын жəне қазақ тілдеріндегі фразеологизмдердің құрамындағы антоним
компоненттерді талдаудың алғаш рет жүргізілуінде жатыр. Мақалада компоненттік талдау жəне
салғастырмалы талдау əдістері қолданылған. Зерттеу нəтижесінде ағылшын жəне қазақ тілдеріндегі
қарастырылып жатқан фразеологизмдердің құрамындағы антонимдерге лексикада кездесетін барлық
антоним түрлері тəн екендігі, сондай-ақ ол антонимдердің қызметі бейнелі қарама-қарсылық қызметін
атқарумен қатар, қоршаған əлемдегі объектілерді үнемі салыстыруымен анықталған. Антонимдер
фразеологизмнің құрамында келіп олардың экспрессивтік мағынасын арттыруға ықпалын тигізеді.
Description
Citation
Тукешова Н.М. Антоним компонентті фразеологизмдер құрамындағы антоним түрлері (ағылшын жəне қазақ тілдері материалында)/Н.М. Тукешова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology Series. -2021. №1. 65-70 б.