«Мен өмірді жырлау үшін келгемін...» Мұқағали Мақатаевтың туғанына 80 жыл толуына орай
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарМУ баспасы
Abstract
Өткен ғасырдың кемеңгер ақыны Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылық қызметі
зерттелген. Ақын поэзиясындағы мəңгілік табиғат жəне адамзат өмірімен мəңгілік байланыс
тақырыбы философиялық пафоста жырланатыны көрсетілген. Өз шығармаларында ол жоғары адами
құндылыққа — адамгершілікке жасалған сатқындықты əшкерелейтіндігі жөнінде сөз қозғаған. Уақыт
ырғағына дөп басып жырлай отырып, ақын өз жан дүниесін, өз ойлары мен арман-мақсаттарын
жырлағаны сөз болған. Жастардың болашағы жайлы жан тəнімен тебіренген ақынның сөз саптаулары
мен ойларының тəрбиелік маңызы зор екендігі дəріптелген. Ақынның шығармашылық қызметін
жалпылау негізінде оның қазіргі заманғы отандық поэзияның көрнекті өкілі екендігі жөнінде
қорытынды жасалған. М.Мақатаевтың бірегей қайталанбас өлеңдері мен аудармаларын жаһанға
таратуы арқылы ақынды шет елдерге танымал ету қажеттігі алға тартылған.
Description
Citation
Каренов Р.С. «Мен өмірді жырлау үшін келгемін...» Мұқағали Мақатаевтың туғанына 80 жыл толуына орай/Р.С. Каренов//Қарағанды университетінің хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы = Вестник Карагандинского университета. Серия ФИЛОЛОГИЯ. -2011. №1. 48-59 б.