Әл-Фараби және ғылымдар тізбесі
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарУ баспасы
Abstract
Әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толуына орай жыл бойы ғалымның мұрасына арналған бірнеше
кітаптар жарыққа шықты, ғылыми зерттеулер жасалды, конференциялар, дөңгелек үстелдер
ұйымдастырылды. Фараби бабамыздың еңбектері қазақ тіліне аударылды. Фарабитанушылар әл-
Фарабидің шығармалары мен ойларын көпшілікке түсіндіріп, баяндамалар жасады. Дегенмен, қазақ
халқы өзінің ғұламасы туралы сөзді осы жылмен аяқтамайды деп сенейік. Себебі, әл-Фараби барша
адамзаттың мақтанышы, үлгі тұтарлық тұлғасы. Мақала әл-Фарабидің ғылымдарды жіктеуге қатысты
тұжырымдарын меңгеруге арналған. Кез келген ғылымды игеру үшін қандайда бір әдістер мен
тәсілдер қолданатындығы анық. Бұндай әдістер зерттеліп отырған ғылым саласын түпкілікті және
терең мәнін ашуға көмекші құрал. Философия тарихында ғылымдарды жіктеп, әр ғылымға анықтама
берген алғашқылардың бірі әл-Фараби. Ислам фәлсафасында сцентизм бағытының негізін салушы
ретінде әл-Фараби ғылымның адамзат өміріндегі шешуші рөл атқаратындығына назар аудартады.
Бүгінгі мыңжылдықта да ғылымның рөлі артпаса, түспегендігі анық. Ғылымсыз қазіргі әлемді
елестетудің өзі қиын. Керісінше аралас ғылым салалары қарқын алып, ғылымның күнделікті өмірдегі
орны ұлғайып келеді. Мақалада әл-Фарабидің «Ғылымдардың тізбектелуі» трактатындағы ғылымның
мақсаты мен адам өміріндегі рөлі туралы болмақ.
Description
Citation
Кемербай Р.А. Әл-Фараби және ғылымдар тізбесі/Р.А. Кемербай, Н.Е. Тутинова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия. = Bulletin of the Karaganda University. History. Philosophy Series. -2022. №3. 335-341 б.