Атаулар сөйлейді: Орал өңірінің тарихи ономастикасы
Loading...
Files
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» КеАҚ баспасы
Abstract
Бұл мақалада Батыс Қазақстан облысы аумағындағы, әсіресе Орал қаласы маңындағы жер-су
атауларын тарихи ономастикалық тұрғыдан зерттеу қарастырылады. Зерттеу барысында Жайық,
Орал/Яик өзені, оның салалары, сондай-ақ өзен маңындағы көлдер мен төбелердің атауларының
қалыптасу тарихы, этимологиясы және этнографиялық ерекшеліктері талданады. Жұмыста ономастика
саласының негізгі теориялық ұстанымдарына сүйене отырып, өңірге тән топонимдердің пайда болуына
ықпал еткен тілдік, мәдени және тарихи факторлар анықталады.Жер-су атаулары қоғамның әр дәуіріне
тән лексикалық элементтер мен грамматикалық тұлғаларды сақтаушы маңызды мәдени көрсеткіш
екені атап өтіледі. Зерттеу барысында жергілікті сөздіктер, тарихи карталар, архивтік материалдар
және интернет дереккөздері пайдаланылды.Мақала қорытындысында ономастиканың ұлттық мәдени
мұраны сақтау мен мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асырудағы рөлі айқындалып, жергілікті
ономастикалық нысандарды қорғау және оларды цифрландыру жөнінде бірқатар практикалық
ұсыныстар беріледі. Жұмыстың нәтижелері ономастика мен тілдік-мәдени мұраны білім беру және
жергілікті басқару салаларында тиімді қолдануға мүмкіндік береді.
Description
Keywords
Citation
Каламгали Н.М. Атаулар сөйлейді: Орал өңірінің тарихи ономастикасы/Н.М. Каламгали//Қазақстан - менің Отаным = Казахстан - мое Отечество. -2026. 179-182 б.