Ертіс бойындағы кимақ қалалары
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» КеАҚ баспасы
Abstract
Қимақ қағанаты VIII ғасырдың соңы мен XI ғасырдың басында өмір сүрген. Оның жері қазіргі
Қазақстанның шығыс және солтүстік-шығыс бөліктерін қамтыған. Қимақтардың негізгі мекені - Ертіс
өзенінің бойы болған. Сол жер Қимақ қағанатының саяси, экономикалық және мәдени орталығы
саналған екен. Қимақ мемлекетінің құрамында алғашында жеті тайпа болған, кейін он екі тайпаға дейін
көбейген. Қимақтардың астанасы Имақия (немесе Имақ) деп аталған. Бұл қала Ертіс өзенінің орта
ағысы маңында орналасқан және елдің басты орталығы болған.Ертіс өзені қимақтар үшін өте маңызды
болды. Өзен бойында көптеген қалалар мен қоныстар пайда болды. Олар арқылы сауда жолдары,
әсіресе Жібек жолының солтүстік тармағы өткен. Осы жолмен Қимақ елі Орта Азиямен, Сібірмен және
Қытаймен байланыс орнатқан.Ортағасырлық деректерде қимақ қалаларының бірнешеуі аталады.
Солардың ішіндегі ең белгілілері - Имақия, Карантия, Астур, Сараус және Джамукат. Бұл қалаларда
қолөнер, сауда, металл өңдеу және егіншілік дамыған.Қалалардың құрылысы да өзінше ерекше болған.
255
Әр қалада қамал (қорған), ішкі қала (цитадель) және сыртқы қала (рабад) орналасқан. Үйлер көбіне
күйдірілген кірпіштен салынған. Сондай-ақ базарлар, мешіттер мен шеберханалар да болған.Қимақтар
мәдениетке де көңіл бөлген.Археологиялық қазбалардан жазу үлгілері мен темір бұйымдар табылған.
Бұл олардың жоғары мәдени деңгейін көрсетеді.XI ғасырдың басында Қимақ қағанаты әлсірей
бастайды. Бұған ішкі қайшылықтар мен қыпшақтардың күшеюі әсер еткен. Соның салдарынан Ертіс
бойындағы көптеген қалалар құлдырап, кейін қыпшақтардың қол астына өткен.Дегенмен, Қимақ
дәуіріндегі қалалар мен мәдениет кейінгі қазақ жеріндегі қалалық өмірдің дамуына негіз болды.
Сондықтан Ертіс бойындағы қимақ қалалары - қазақ халқының ерте орта ғасырлардағы мәдениеті мен
тарихын түсінуде аса мән береді деп санаймын.
Description
Keywords
Citation
Тұрсынұлы Б. Ертіс бойындағы кимақ қалалары/Б. Тұрсынұлы//Қазақстан - менің Отаным = Казахстан - мое Отечество. -2026. 254-259 б.