Білім алушылардың шетел тілінде сөйлеу дағдыларын дамытуда ашық білім беру ресурстарын пайдаланудың тиімділігі

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

ҚарУ баспасы

Abstract

Мақалада қазіргі кезде əлем назарында тұрған басты мəселе ашық білім беру ресурстары (АББР) қарастырылды жəне оны шет тілдік сөйлеу дағдыларын қалыптастыру үшін пайдаланудың маңыздылығы тұжырымдалды. Ашық білім беру ресурстары ұғымы алғаш 1990 жылдары пайда болды, алайда тек 2001 жылы ғана Массачусетс технологиялық институтының жобасы аясында алғаш рет білім беру ресурстары құрастырыла бастады. Аталмыш технологияның шетел тілін үйретуде бірқатар артықшылықтары бар. Алайда, тақырып аясында жүргізген талдаулар нəтижесінде бірқатар кемшіліктер бар екендігі айқындалды. АББР пайдалану оқулықтарға тегін қолжетімділікті қамтамасыз етеді, уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді, білім алушылардың қызығушылы мен ынтасын арттырады, сонымен қатар оқытушыларға сабақты түрлендіруге көмектеседі. Жетіспеушіліктеріне білім беру ресурсының сапасы жəне ғаламтордың əлемнің барлық аймақтарында болмауын жатқызуға болады. Бірақ бұл кедергілер уақытша мəселе болғандықтан, болашақта АББР əлемнің барлық елдерінде білім алушылар тарапынан көптеп қолданылады деген сеніміміз мол. Білім алушылардың шет тілдік сөйлеу дағдыларын АББР пайдалану арқылы дамыту айтарлықтай нəтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді, себебі АББР əлемдегі ғылым жəне білімге қатысты жаңашылдықтарды жылдам, əрі тиімді игеруге көмектеседі. Ал, шет тілдік дағдылардың дамуы тікелей тіл өкілдері ұсынған түрлі материалдарды үздіксіз пайдаланудың нəтижесінде қалыптасатыны сөзсіз. Сол материалдардың шетел тілі сабақтарында жиі пайдаланылуы көкейкесті мəселе болып отыр. Аталмыш мəселені шешу үшін АББР пайдалану бүгінде шарт болып табылады, яғни оқу үдерісінде түрлі құралдардың көп жəне тиімді пайдаланылуы оқытушыға білім алушылардың бойында қажетті дағдыларды қалыптастыруға жол ашады.

Description

Citation

Саржанова Ғ.Б. Білім алушылардың шетел тілінде сөйлеу дағдыларын дамытуда ашық білім беру ресурстарын пайдаланудың тиімділігі/Ғ.Б. Саржанова, А.Т. Төлеужан, С.М. Турбаева//Қарағанды университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Педагогика. = Bulletin of the Karaganda University. Pedagogy Series. -2021. №2. 164-170 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By