Орталық Азиядағы халықаралық лаңкестік пен діни экстремизмге қарсы күрес мәселелері

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

ҚарМУ баспасы

Abstract

Халықаралық лаңкестік пен діни экстремизм Орталық Азия мемлекеттерінің қауіпсіздігіне елеулі қауіп төндіруде. Бұл аймақта халықтың исламдануы артып, дәстүрлі ислам ұстанымы әлсіреген. Халықтың исламдануы Орталық Азияның барлық дерлік мемлекеттерінде байқалатын терең әлеуметтік-экономи- калық дағдарыспен бірге жүруде. Мұндай жағдайда аймақ республикалары исламшылдыққа қарсы тұ- руға тырысуда, діни ұйымдарға (әсіресе Өзбекстанда) қарсы жаңа шектеу шараларын енгізіп, азаматтық қоғамды экстремизмге (Қазақстан) қарсы күреске тартуда және партияның діни негізде (Тәжікстан) әре- кет етуіне мүмкіндік берілген. Республика өңірлерінде лаңкестік пен діни экстремизмге қарсы тұрудың жаңа жолдарын үнемі іздеуде. Лаңкестік көлемі жағынан, қатыгездік тұрғысынан, салдары тарапынан адамзаттың ең ауыр мәселелерінің біріне айналды. Аймақ мемлекеттері бұл құбылысты жоюда белсен- ділік танытуда, лаңкестікке қарсы тұрудың жаңа тәсілдерін әзірлеуде және түрлі келісімдерге келуде. Бірақ лаңкестік арта түскен қарсы шараларға да бейімделе түсіп, жаңа ізбасарларды тарта отырып, қар- жыландырудың жаңа тәсілдерін табуда. Мұндай жағдайда лаңкестік пен діни экстремизмге қарсы тұру бойынша мемлекеттер арасында үздіксіз зерттеу мен тәжірибе алмасу, жаһандық қауіп-қатерге қарсы тұрудың тиімді әдістерін енгізу қажеттілігі артып келеді. Мақалада Орталық Азия аймағында экстре- мизм мен лаңкестіктің артуының себептері, объективті және субъективті факторлардың жиынтығы, әлеуметтік үдерістердің жаппай экстремизмнің пайда болуына әсері қарастырылған. Осы тұрғыдан әр- түрлі аймақтық ұйымдарда лаңкестікке қарсы шешім қабылдауға қатысты мәселелер де зерттелген.

Description

Citation

Әліпбаев А. Орталық Азиядағы халықаралық лаңкестік пен діни экстремизмге қарсы күрес мәселелері/А. Әліпбаев, Б. Бюжеева, А. Анерова//Қарағанды университетінің хабаршысы.Тарих. Философия сериясы = Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия = Bulletin of the Karaganda university. History. Philosophy Series. -2020. №2. 37-46 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By