М. Əуезов поэтикасындағы сентиментализм
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарМУ басп.
Abstract
Мақалада қазақ прозасының қалыптасу кезеңінде əлемдік əдебиетте бой көрсетіп, əдебиеттегі ірі
ағымдардың біріне айналған сентиментализм поэтикасы қарастырылып, олардың типологиялық
сипаттары ғылыми тұрғыдан дəйектеледі. Сентиментализм ағымының идеялық-эстетикалық
ерекшеліктерінің М. Əуезов поэтикасындағы көрінісі көрсетілді. Жазушының новеллалары мысалға
алына отырып сентиментализмнің негізгі тəсілдері анықталды. Автордың сентименталистер стиліне
тəн шартты сюжет, шартты образдар, контрасты пейзажды қолдану сипаттары теориялық тұрғыдан
талданды. Рационалистік танымның əсершіл сезімінен туындап жататын көңіл-күй құбылыстары,
қуаныш пен мұң сияқты тебіреністерінің алма-кезек ауысулары арқылы көрінетін элегиялық сарын
жазушының дүниетанымдық өзгешеліктерімен байланыстырылды. Сентименталист-жазушының
адамдардың аянышты тағдырларын бейнелеу арқылы кейде торығуға, күйректікке, өткенге елегізу,
болашақтан күдер үзу сарындарына да барғаны көрсетілді. М. Əуезовтің «сезімшілдікті» бірінші
кезекке шығару арқылы қазақ прозасына лирикалық прозаға жол ашқаны жан-жақты талданды.
Description
Citation
Насипов И.М. Əуезов поэтикасындағы сентиментализм /И. Насипов, Ж. Жарылғапов// Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.=Вестник Карагандинского университета. Серия Филология.=Bulletin of the Karaganda University. Philology series.-2019.-№4.С.53-58