Биологиялық өлкетанудың маңызы мен мүмкіндіктері
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарМУ басп.
Abstract
Мақалада биологиялық өлкетану мен оның нысандары жайлы мəліметтер берілген. Жоо-дағы білім беру саясатының сабақтастығын қамтамасыз етуде жəне болашақ биолог-мамандардың туған өлке компоненттерін танып-білудегі, зерттеудегі іс-тəжірибесін қалыптастыру мақсатында «Биологиялық өлкетану» пəнінің мақсаты, мазмұны, ұсынылатын практикалық жұмыстардың бағдарламасы берілген. Пəнді оқыту барысында білімгерлердің экологиялық мəдениеті, экологиялық сауаттылығы, табиғатқа жанашырлығы, қоршаған ортаға деген жауапкершілігі қалыптасады. Бұл бағдарламаның ерекшелігі – білім беруде экологиялық мазмұнның көлемінің ұлғаюы, жергілікті аймақ өсімдіктері мен жануарларының биологиялық əртүрлілігіне, ерекшеліктеріне басты назар аударып, оларды қорғау жəне сақтау шараларын үйрету. Бағдарлама оқытуға арналған жүйелік жұмысқа бағытталған, ол бірқатар тəжірибелік жұмыстар мен экскурсияларды енгізу арқылы қамтамасыз етіледі. Оқытушылар оқу материалдарын құрылымдау, оқуға арналған материалдардың жүйелілігін анықтау, сондай-ақ білім, дағды жəне білімгердің жұмыс істеуін, дамуын қалыптастыру жолдарын анықтайды. Мақалада педагогикалық жоғары оқу орындарында болашақ биолог-мамандардың өлкетанудағы іс тəжірибесін қалыптастыруды заманауи бағытта тиімді ұйымдастыру əдістері жəне биологиялық өлкетанудың негізгі функциялары келтірілген.
Description
Citation
Рахимбердиева, Ж.Ш. Биологиялық өлкетанудың маңызы мен мүмкіндіктері / Ж.Ш. Рахимбердиева, А.Н. Калиева, А.Д. Дамир // Қарағанды университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы.=Вестник Карагандинского университета. Серия Педагогика.=Bulletin of the Karaganda University. Pedagogy series. – 2019. - № 2. – C. 38-43.