Мемлекеттік органдардың ақпараттық ашықтығы мемлекеттік басқару тиімділігінің критерийі ретінде
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарМУ басп.
Abstract
Мақалада мемлекеттік аппарат қызметін жетілдіру, тиімділігін арттыру бағыттарының бірі болып табылатын мемлекеттік органдардың тұрғындар алдындағы ашықтығы қарастырылды. Бұл бағыт ел азаматтарына мемлекеттік жəне стратегиялық бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысу, біріге атсалысуға мүмкіндік береді. Зерттеуде əр мемлекеттік орган қызметінің ашықтығы мен мөлдірлігі деңгейіне сараптамалық баға берілді. Мемлекеттің мөлдірлігі, есептілігі мен ашықтығы мемлекеттік органдағы құпия болып табылмайтын кез келген ақпарат елдің əр азаматына қолжетімді болуын көздейді. Қызмет ашықтығы стратегиялық жəне бағдарламалық құжаттарды, ақпаратты, жаңалықтарды, бірінші басшының баяндамалары мен мақалаларын, белгілі бір мерзімде атқарылған жұмыстар туралы есеп жəне тағы басқа БАҚ мен мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайттар) жариялау арқылы жүзеге асырылады. Аталған талаптар Қазақстан Республикасы Инвестициялар мен даму министрінің бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының ақпараттық толықтырылуы мен олардың мазмұнына қойылатын талаптар ережелерінде нақты көрсетілген. Сол Ережелерге сəйкес, мақалада мемлекеттік органдар сайттарына талдау жасалды. Бұл жұмыстағы орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар сайттарын зерттеу елдің мемлекеттік органдарының ақпараттық ашықтығын қалыптастыруында белгілі бір тенденциялар мен заңдылықтарын анықтады.
Description
Citation
Бекбосынова, Ж.А. Мемлекеттік органдардың ақпараттық ашықтығы мемлекеттік басқару тиімділігінің критерийі ретінде / Ж.А. Бекбосынова, Г.А. Джунусбекова // Қарағанды универисетінің хабаршысы. Экономика сериясы.=Вестник Карагандинского университета. Серия Экономика.=Bulletin of the Karaganda University. Economy series. – 2019. - № 2. – 18-25 б.