Қара жемісті шетен (Aronia melanocarpa (Michx.) Elliott.) өсімдігінің экспланттарын in vitro культурасына енгізу

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

ҚарМУ басп.

Abstract

Мақалада қара жемісті шетен (Aronia melanocarpa (Michx.) Elliott.) өсімдігін in vitro культурасына енгізудің нəтижелері берілген. Микроклонды көбейтудің биотехнологиялық регламентын жасауда негіз болатын (Aronia melanocarpa.) өсімдігінің тұқымдары Қазақстанның Бас ботаникалық бағынан алынды. Ылғал перлитте тұқымдарды өсіру жəне 50 % тіршілікке қабілетті өркендерді алуға мүмкіндік беретін 7 мин бойы 0,1 % HgCl2 ерiтiндiсiнде өскіндердің апекстерін залалсыздандыру жағдайлары таңдалды. Өсімдік материалын in vitro культурасында 523 арнайы ортасында эндофитт инфекцияға тексеру арқылы 100 % асептикалық материал алынды. (Aronia melanocarpa (Michx.) Elliott.) өсімдігінің үлгiсiнен жасалған in vitro асептикалық коллекциясы микрокл онды көбейту үшін, сондай-ак элиталы телiмбақтарды отырғызуда жəне генетикалық ресурстармен алмасуда колданылады. Зерттеулер нəтижесінде қара жемісті шетен (Aronia melanocarpa) өсімдігінің жасыл өркендерді залалсыздандыру үшін екі сатылы өңдеу жүргізілді. Бірінші сатыда залалсыздандырушы агент ретінде 70 % этил спирті, екінші сатыда 3 % судың асқын тотығы пайдаланылды. Сонымен, aсептикалық таза өскіндерді алу мақсатымен қара жемісті шетенді (Aronia melanocarpa) in vitro культурасына енгізу үшін залалсыздандырудың екі сатыдан тұратын екі түрлі тəсілі қолданылды.

Description

Citation

Смағали, А. Қара жемісті шетен (Aronia melanocarpa (Michx.) Elliott.) өсімдігінің экспланттарын in vitro культурасына енгізу / А. Смағали, Н.А. Сапарбаева // Қарағанды университетінің хабаршысы. Биология. Медицина. География сериясы. = Вестник Карагандинского университета. Серия Биология. Медицина. География. = Bulletin of the Karaganda University. Biology. Medicine. Geography Series. - 2019. - №1. – 130-135 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By