Қазақстан Республикасында халықаралық теміржол тасымалдарын ұйымдастыруды талдау

Abstract

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы мен əлемде көліктік инновациялық жобаларды іске асыруды көп назарға аударылуда, əсіресе əлемде іске асырылып, орын алып жатқан «Жібек жолының» экономикалық белдеуі», «Батыс Еуропа — Батыс Қытай», блок-поезд «Silk Wind (Жібек желі)», «Хоргос-Шығыс қақпасы» АЭЗ, шекаралық ынтымақтастық қазақстандық-қытай халықаралық орталығы, «Rail Air» халықаралық тасымалы сияқты көліктік-логистикалық жобалар Қазақстан Республикасына тікелей қатысы бар. Мақалада Қазақстан Республикасындағы халықаралық теміржол тасымалдарын ұйымдастыру талдауы жасалған. Сонымен бірге мақалада Қазақстан Республикасында теміржол тасымалы арқылы экспорт пен импортқа шығарылатын негізгі тауарлар — көмір, қара жəне түсті кендер, шикі мұнай жəне мұнай өнімдері, химия жəне минералды тыңайтқыштар, құрылыс материалдары, ұн мен астықтың саудасының статистикасы келтіріліп, бағасы берілді. Қазақстанның көршілес жəне серіктес мемлекеттермен халықаралық көліктік стратегиясын таңдаудың əлеуметтік- экономикалық алғышарттары, бағыттары жəне күтілетін нəтижелері қарастырылды, оның негізгі принциптері қозғалды. Берілген стратегияны қабылдау мақсаттары, стратегияға қатысушылар үшін артықшылықтар бағаланады. Көліктік-логистикалық саласында Қазақстанның сыртқы саудалық қатынастардың болашағы қарастырылды. Мемлекеттер арасындағы экономикалық серіктестіктің мақсаттылығы жəне дамуы туралы қорытынды шығарылды.

Description

Citation

Стеценко И.П. Қазақстан Республикасында халықаралық теміржол тасымалдарын ұйымдастыруды талдау/И.П. Стеценко, А.Б. Тасмаганбетов, С.Ж. Тасмаганбетова//Қарағанды универисетінің хабаршысы. Экономика Сериясы.=Вестник Карагандинского университета. Серия Экономика.= Bulletin of the Karaganda University. Economy Series.-2018.-№4.-Б. 35-46.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By