Қазіргі уақыттағы қосылған құн салығын алудың өзекті мəселелері

Abstract

Мақалада қосылған құн салығының Қазақстан Республикасының салық саясатын жүргізудегі рөлі ерекше қарастырылған. Авторлар қосылған құн салығын сатудан түсетін салыққа ауыстыру бойынша пікірталас болып жатқан сұрақтарға сипаттама берген. Мақалада өздерінің салық жүйелеріне қосылған құн салығын алғашында енгізген жəне одан кейін бұл салықты пайдаланудан бастартқан мемлекеттердің тізімі келтірілген. Қазақстан Республикасында 1992–2018 жж. аралығында қолданылып келген қосылған құн салығы мөлшерлемелерінің өзгеру тарихы жүйелі түрде талданған. Авторлар халықаралық əкімшілік тəжірибесінде пайдаланылып отырған қосылған құн салығының ынталандырушы жəне əлеуметтік қызметтерін зерттеген. Мақалада Қазақстан Республикасында қазіргі кезде қолданылатын қосылған құн салығын есептеу механизмі мен төлеу тəртіптері қарастырылған. Жанама салықтардың, оның ішінде қосылған құн салығының бюджет кірістерін құрудағы рөлін бағалау үшін, осы салықтардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне түсуі ерекше талданған. Авторлар əлемдік тəжірибеде жанама салықтардың арасында кең таралатын жəне қолданылатын екі салықты баса атап өткен: қосылған құн салығы мен сатудан түсетін салық. Мақалада қосылған құн салығының, сатудан түсетін салыққа қарағанда, оң сипаттамасы анықталған.

Description

Citation

Қазіргі уақыттағы қосылған құн салығын алудың өзекті мəселелері/Л.М. Аллахвердиева [т. б.] //Қарағанды универисетінің хабаршысы. Экономика сериясы.=Вестник Карагандинского университета. Серия Экономика.= Bulletin of the Karaganda University. Economy Series.-2018.-№3.-Б. 233-240.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By