Қазақстан Республикасының телекоммуникация саласының қазіргі жағдайын бағалау

Abstract

Мақала республикадағы телекоммуникация саласының қазіргі даму жағдайына бағытталған. Телекоммуникацияның көмегімен жаһандану үрдісіне қажетті ақпараттың көлемі ұлғаяды жəне ақпараттық-телекоммуникация инфрақұрылымында ақпарат жеткізу шаралары кеңейеді. Нарықтың талабы телекоммуникация компаниялары үшін бəсекеге қабілеттілік деңгейдің тұрақты болуы жəне компания қызметіне ғылыми-техникалық əзірлеудің көмегімен бизнес-үдерістерді тиімді пайдалану міндеттері қойылады. Байланыстың нақты қасиеті қандай да бір сыртқы өнімнен көрінбейді. Ішкі, ақылы жəне сапалы электронды сигналдарды электронды түрде жіберу процесін жүзеге асыруға қатысады, ол үшін арнайы мақсатталған. Сонымен қатар бұл мақалада Қазақстанның телекоммуникация саласының дамуы төмендегі көрсеткіштермен сипатталған: көрсетілген қызмет түрлерінің орташа динамикасы, байланыс саласындағы қызметтің негізгі көрсеткіштері бойынша жəне байланыс саласындағы кірістердің құрылымы. Бұл ретте тиісті тұжырымдамалар жасалынды. Аталған сала жылдам өсетіндіктен, бұл əлемдегі технологиялық үдерістің көмегімен жүзеге асырылады. Ақпараттық жəне телекоммуникациялық технологиялар экономиканы өзгертуде жəне оның бəсекеге қабілеттілігін арттыруда маңызды рөль атқарады. Еліміздің ЖІӨ-де саланың шағын үлесі оның үлкен инвестициялық əлеуеті туралы айтады. Бұл əлеует Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне жəне телекоммуникация саласын жаһандық ақпараттық инфрақұрылымға интеграциялауына байланысты жүзеге асырылады.

Description

Citation

Қазақстан Республикасының телекоммуникация саласының қазіргі жағдайын бағалау/С.С. Дарибеков [т. б.]//Қарағанды универисетінің хабаршысы. Экономика сериясы.=Вестник Карагандинского университета. Серия Экономика.= Bulletin of the Karaganda University. Economy Series.-2018.-№3.-Б. 20-26.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By