Қазіргі қазақ прозасындағы қала бейнесі
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарМУ басп.
Abstract
Мақала қазіргі заманғы қазақ прозасындағы қала бейнесі жайлы жазылған шығармаларды талдауға бағытталған. Қазір «қала пейзажы», «қала адамының бейнесі» сияқты ұғымдар пайда бола бастады. Адамды қаламен байланыстыра қарастыру бүгінгі таңда аса маңызды болып отыр. Соған орай барша адам баласын алаңдатып отырған жаңа дəуірдің адамы, яғни қала адамының образы, өзара байланыста, өзара сабақтастықта қарастырылады. Басты нысан ретінде ХXI ғасырда дүниеге келген қазақ романдары алынды. Мақаланың өзектілігін белгілеп тұрған мəселе — қазақ прозасындағы қала бейнесінің қойылуы, жан-жақты ашылуы. Аталмыш проблеманың ұлттық əдебиетіміздегі көріну деңгейін барынша танып-білу мақсатында əлеуметтік жүгі салмақты, қоғамдық маңызы айқын кейіпкерлер арқылы, олардың ой-толғанысы, əрекет-тіршілігі арқылы жалпы адамзатты толғандырған мəселелерге көз жүгіртіп, көркемдік тұжырым жасауға талпынған шығармаларға талдау жасалды. Мақалада тақырыпты ашуда, өзіндік образдар жүйесін жасауда қазақ жазушылары қолжеткізген жетістіктер, олардың көркем шығармаларындағы идеялық-эстетикалық жаңалықтар жан-жақты дəйектеледі; қоғамды жайлап бара жатқан рухани азғындау экспансиясы, адам, оны қоршаған орта, сол қоғамның адамға тигізер əсер-ықпалының қазақ романдарындағы көрінісі жан-жақты сараланды. Сонымен қоса, қаламгерлердің этикалық-ұждандық мəселелерді көтеруіндегі танымдық-эстетикалық
ұстанымдары ашылды. Нақты айтқанда, Д.Амантай, Н.Ораз, А.Алтай, Ə.Қосбағарова, Н.Қабдай, Қ.Əбілқайыр, А.Мырзахмет сынды жазушылардың осы тақырыпты ашудағы даралық жəне ортақ стильдік белгілері зерттелді.
Description
Citation
Жарылғапов, Ж.Ж. Қазіргі қазақ прозасындағы қала бейнесі / Ж.Ж. Жарылғапов, М.Ж. Кенжекова // Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.=Вестник Карагандинского университета. Серия Филология.=Bulletin of the Karaganda University. Philology series. – 2019. – № 1. – 30-37 б.