Жаңа емле: құрылымы, ұстанымы жəне жаңалықтары
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарМУ басп.
Abstract
Мақалада 2018 жылдың 6 желтоқсанында Ұлттық комиссияда мақұлданған Қазақ тілі емле ережесінің жаңа жобасындағы жаңалықтар, емледе ұстанған басты қағидат пен ереженің негізгі құрылымы сөз болды. Фонематикалық жəне морфологиялық қағидалардың айырмашылығы түсіндірілді. Емле жасауда орфографиялық жұмыс тобы мүшелері ортақ шешімге келе алмаған, и мен у əрпінің жазылуы туралы баяндалды. Сондай-ақ мақалада жаңа емленің басты жаңалығы болып табылатын шеттілдік сөздер құрамындағы я, ю, ъ, ь таңбалары бар сөздердің қазақ тілінде дыбыстық заңымызға сəйкес өзгеріп жазылатыны түсіндірілді. Автор жалпы қазақ мəтінінің құрамында кездесетін төл сөздердің де, термин сөздердің де емлесіне қатысты өзгерістерді қысқаша қамтуға тырысты. Осы емле ережелерінің негізінде алдағы уақытта орфографиялық сөздік жəне анықтағыш құрастырылады. Сондықтан мақала мақсаты сөздік пен анықтағышта орын алатын өзгерістер турасында ескерту, еске салу болды.
Description
Keywords
Citation
Күдеринова, Қ.Б. Жаңа емле: құрылымы, ұстанымы жəне жаңалықтары / Қ.Б. Күдеринова // Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.=Вестник Карагандинского университета. Серия Филология.=Bulletin of the Karaganda University. Philology series. – 2019. – № 1. – 8-13 б.