Фольклорлық ілкі мəтіндердің қазіргі көркем шығармаларда берілу тəсілдері
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарМУ басп.
Abstract
Көркем шығарманы дұрыс түсініп, қабылдау көп жағдайда оқырманның аялық білімімен тығыз байланысты. Бұл мəселе көркем шығарманы басқа тілге аударған кезде ғана туындамайды, көркем шығарма мəтінін түсіну үшін де маңызды. Мақалада XXI ғасыр көркем шығармаларында кездесетін фольклорлық прецедент мəтіндердің орны мен оның оқырман тарапынан қабылдануы қарастырылды. Фольклорлық прецедентті мəтіндердің қазіргі көркем əдебиетте екі көрінісі бар. Олар – прецедентті есімдер мен айтылымдар. Бұлардың кейінгі көркем мəтіндерге кірігуінің өзіндік жолдары бар. Көркем
шығарма авторлары фольклорлық элементтерді қолдануда əртүрлі тəсілдерді пайдаланады. Мақалада оның мынадай тəсілдері көрсетіліп, тілдік фактілер арқылы дəлелденді: 1) фольклорлық прецедентті трансформациялап енгізу; 2) фольклорлық прецедентті тақырыпат түрінде жұмсау; 3) фольклорлық прецедентті көптік мағынада жұмсап жағымсыз эмоция тудыру; 4) жалқыдан жалпыға өткен фольклорлық ілкі антропонимдер; 5) сұраулы сөйлем арқылы түзілген прецедентті мəтіндер; 6) теңеу
арқылы берілген прецедентті есімдер; 7) экспрессивті-бағалауыштық метафора арқылы берілген прецедентті есімдер; 8) контекстуалдық антонимдерді пайдалану тəсілі. «Прецедентті» деген сөзді қазақ тілінде «ілкі» деп алдық.
Description
Citation
Жақыпов, Ж.А. Фольклорлық ілкі мəтіндердің қазіргі көркем шығармаларда берілу тəсілдері / Ж.А. Жақыпов, Б.А. Абдыханова // Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.=Вестник Карагандинского университета. Серия Филология.=Bulletin of the Karaganda University. Philology series. – 2018. – № 4. – 20-27 б.