Параллель есептеулер кластері бойынша цифрлық білім ресурстарының оқу процесінде қолданылуы
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Қарму басп.
Abstract
Мақалада «Параллель есептеулер кластері» цифрлық білім ресурстарының оқу процесінде
қолданылуы туралы баяндалған. «Параллель есептеулер кластері» цифрлық білім ресурстары қазіргі
таңдағы өзекті мəселелердің бірі болып саналатын параллель есептеулерді үйренгісі келетін
ақпараттық технологиялар саласындағы мамандарға аса қажет. Бұл цифрлық білім беру ресурстарды
оқу процесінде қолданудың нəтижесінде білім алушылар қолжетімді аудиторияларда тұрған
компьютерлерді пайдаланып, желі арқылы сол компьютерлерді біріктіріп, білім беру кластерін
баптап, параллель есептеуді үйренуге болады. Ұсынылған цифрлық білім ресурстары оқытудың
заманауи формалары интерактивті жəне мультимедиалық оқытуды ұстанады. Цифрлық білім беру
ресурстарының құрамында пəннің мазмұнына сай теориялық материалдар, мультимедиалық түсіндіру
(бейнематериалдар), интерактивті тапсырмалар, білімді бақылау немесе тест бөлімдер бар.
Динамикалық түрде дамып отырған ақпараттық-коммуникациялық технологиялар осылайша оқу
процесінде дəстүрлі құралдардың орнына жаңа заманауи құралдарды қолдануға мүмкіндік туғызып,
білім алушының жаңа материалды меңгеру дəрежесін арттырып, оқытушы қауымның өздерінің
əдістемелік жүйелеріне тиімділік туғызып отыр. Мақалада «Параллель есептеулер кластері» пəнін оқу
процесінде аталған цифрлық білім ресурстарды Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университетінің «Информатика» мамандығының білім алушыларының қолдану тəжірибесі жазылған.
Description
Citation
Серік М. Параллель есептеулер кластері бойынша цифрлық білім ресурстарының оқу процесінде қолданылуы /М. Серік, Н. Карелхан // Қарағанды университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы.=Вестник Карагандинского университета. Серия Педагогика.=Bulletin of the Karaganda University. Pedagogy series-2018.-№4.С.64-69