Оқу үдерісінде роботтық техникалық жүйелерді қолдану ерекшеліктері

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

ҚарМУ басп.

Abstract

Мақала оқу үдерісінде роботтық техникалық жүйелерді қолдану ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған. Жалпы жасанды интеллекттің қалыптасу кезеңдері сипатталып, бұл саланы меңгеруде адамзат алдындағы ашылатын жаңа мүмкіндіктері болжанды. Еңбекті автоматтандыруда роботтық техниканы қолдану нəтижелері келтірілген. Автор білім беру үдерісінде роботты техниканы қолданудың өзектілігін көрсетті. Білім беру үдерісінде роботтық техника үш бағытқа бөлінеді (білімділік, жарысатын жəне шығармашылық). Білім алушылар жарысатын бағытқа айқын түрде қызығушылығын білдіріп жатқандығы нақтыланады, ал білімділік бағыты жанама түрде тек техникалық бағытпен айқындалады. Сонымен қатар Lego Mindstorms жиынтығымен жұмыс жасау технологиясы сипатталады. Жəне де биотехникалық, автоматты жəне интерактивті түрлері бойынша бөлінетін роботтық техникалық жүйелерді басқару ерекшеліктері қарастырылды. Роботты басқару əдістерін дамытуда техникалық кибернетика жетістіктері мен автоматты басқару теориясы өте маңызды екені айтылды. Мақалада роботтарды оқу үдерісінде қолдану білім алушылардың инженерлік мəдениет саласында негізгі түсініктерін қалыптастыруға, жаратылыстану жəне нақты ғылымдар саласына қызығушылықтарын арттыруға, қолданбалы тапсырмаларды орындауда білімгерлердің стандартты емес ойлау қабілетін, шығармашылығын дамытуға, сондай-ақ ізденушілік дағдыларын қалыптастыруға үлкен мүмкіндік беретіні талданылады.

Description

Citation

Оразбаева, А.А. Оқу үдерісінде роботтық техникалық жүйелерді қолдану ерекшеліктері / А.А. Оразбаева // Қарағанды университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы.=Вестник Карагандинского университета. Серия Педагогика.=Bulletin of the Karaganda University. Pedagogy series. – 2018. - №3. – 59-65 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By