Құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған сабақтарды ұйымдастыру тиімділігі
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарМУ басп.
Abstract
Мақалада сабақтың тиімділігіне сəйкес өлшемдерді ескеретін сабақтың құрылымы мен өзіндік
сараптау болып табылады. Құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған сабақтарға қойылатын
талаптар: анықталмаған жағдайды туғызу, таңдау мүмкіндігін беретін оқытудың формасы мен
технологиясын өзгерту, оқу материалы проблемалық жағдаймен ерекшеленеді, оқушыға əлеуметтік
тəжірибеден алынатын, өмірдегі маңызды жағдай туғызу, жаңа дидактикалық материалдарды
қолдану, шындыққа келетіндей стандарттан тыс тапсырмалар мен жағдайлар туғызу, оқу қызметі
зерттеушілік жəне практикалық бағытты сипатта болу, оқушылардың өз бетімен ізденуіне жағдай
жасау, оқушы білім алу кезінде белсенді ұйымдастырушы болуы қажет. Құзыреттілікті
қалыптастыруға бағытталған сабақтарды ұйымдастыруда оқушының өзіндік жұмысы, арнайы
проблеманы анықтай отырып, өз бетімен ізденуі жəне жасаған жұмысына өзіндік бағалауы маңызды.
Сондай-ақ алған білімін өмірде қолдана алуына мүмкіндік жасау қажет. Ол үшін мұғалім дұрыс
бағыт-бағдар беруі абзал.
Description
Citation
Құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған сабақтарды ұйымдастыру тиімділігі/ Г.Т.Көкібасова[т.б.]//Қарағанды универисетінің хабаршысы. Химия Сериясы.=Вестник Карагандинского университета. Серия Химия.=Bulletin of the Karaganda University. Chemistry Series.-2014.-№3(75).-pp.68-73