Ə.Н. Бөкейханның ғылыми мұраларының отан тарихын зерттеудегі маңызы
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарМУ баспасы
Abstract
Мақалада ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының көрнекті өкілдерінің бірі Ə.Н. Бөкейханның іргелі еңбектері қарастырылды. Автор Ə. Бөкейханның экспедициялар, ғылыми топтар ішінде жүріп, түрлі бақылау, сұрау, есептеу, саралау негізінде жазылған зерттеулерін қарастыра отырып, оның отан тарихын зерттеуге қосқан үлесіне талдау жасайды, сонымен қатар ғалымның сол кезеңдегі қазақ халқының өміріндегі тарихи оқиғаларға деген көзқарасын айқындайды. Сонымен қатар Ə.Н. Бөкейханның «Исторические судьбы Киргизского края и культурные его успехи» «Киргизы», «Из переписки хана Средней Киргизской орды Букея и его потомков», «Из бумаг султана Большой Киргизской Орды Сюка Аблайханова», «Из переписки киргизских ханов, султанов и проч.» жəне т.б. зерттеулерін пайдаланa отырып, отан тарихына қатысты мəселелерді көрсетеді.
Description
Citation
Т.Қ. Сақабай Ə.Н. Бөкейханның ғылыми мұраларының отан тарихын зерттеудегі маңызы / Сақабай Т.Қ.// Қарағанды универисетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы.=Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия=Bulletin of the Karaganda University. History. Philosophy Series.-2016. -№1. - Б.58 -63