Тұрлаусыз мүшелер теориясына

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Abstract

Мақалада қазақ тілі грамматикасында тұрлаусыз мүшелерге қатысты елеусіз қалып келе жатқан түйткілді мәселелер баян етіледі. Сөйлемдегі тұрлаусыз мүшелердің өзара байланысы, олардың бірін- бірі анықтап, толықтап, пысықтап тұратыны дәстүрлі грамматика теориясында күні бүгінге дейін ар- найы зерттеу нысанына алынбады. Сөйлемді грамматикалық мүшелеуде назарда болуы тиіс осынау жайт бір ғасыр бұрын мәлім болғанына қарамастан оқулықтар мен әдістемелік нұсқаулықтарда маңызды мәселе ретінде кең көлемде қамтылған емес. Авторлар мақала көлемінде жасалған зерттеуде тұрлаусыз мүшелердің сөйлемдегі грамматикалық қатынасын теориялық әрі тәжірибелік жағынан талдап көрсетуге, нақты мысалдар арқылы дәлелдеуге талпынады. Тақырыптың ғылыми өзектілігі де осында жатыр. Тұрлаусыз мүшелердің синтаксистік құрылыстағы өзара грамматикалық байланысын анықтау үшін әуелі сөйлемдегі сөз тіркестері межеленуі тиіс және осындай ұстаным арқылы сөз тіркесі сыңарларының әрқайсысы дербес сөйлем мүшесінің қызметін атқарады деген тұжырым жаса- лады. Себебі осы уақытқа дейін бір не екі сөз тіркесін бір ғана сөйлем мүшесі ретінде тану сөйлемді грамматикалық мүшелеу тәжірибесінде жиі ұшырасып отыратын елеулі мәселе болып келді. Бұл мәселені біржақты шешу мақсатында отандық зерттеушілердің сөз тіркесі мен сөйлем синтаксисі жөніндегі басты еңбектері пысықталып, тақырыпқа арқау болатын ғылыми пікірлер жүйеленді және қазақ мәтіндерінен тәжірибелік материал ретінде таңдалған мысалдарға грамматикалық талдау жасал- ды. Зерттеу барысында шолу, жинақтау, мағына мен пішінді салыстыру, талдау және т.б. әдістер арқылы тіркесті күрделі сөз бен сөз тіркесінің грамматикалық белгілері анықталды; кейбір тіркесті күрделі сөздің тұлғалық жағынан сөз тіркесіне ұқсап тұратыны және оларды сөз тіркесінен ажыратудың жолдары межеленді; сөз тіркесі сыңарларының арасындағы грамматикалық байланыстың сөйлем мүшелерінің грамматикалық мағынасына тікелей қатысы бар екені дәлелденді; тұтас сөз тіркесін бір ғана сөйлем мүшесі етіп талдаудың жаңсақ екені жөнінде тұжырым жасалды; тұрлаусыз мүшелердің сөйлемдегі грамматикалық әлеуеті көрсетілді, атап айтқанда, анықтауыш мүшенің анықтауыш, толықтауыш, пысықтауышты да анықтайтыны және толықтауыш мүшенің анықтауыш, толықтауыш, пысықтауышты да толықтайтыны, сондай-ақ пысықтауыш мүшенің анықтауыш, толықтауыш, пысықтауышты да пысықтайтыны теориялық әрі тәжірибелік жағынан біршама кеңірек сипатталды. Мақаланың тұжырымдары қазақ лингвистикасының грамматикашы мамандары мен зерттеушілер және филология факультетінің студенттері үшін ғылыми әрі тәжірибелік материал бола- ды.

Description

Citation

Баймұрынов Ж.М. Тұрлаусыз мүшелер теориясына/Ж.М. Баймұрынов [және т.б.]//Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology Series. -2025. №4. 78-95 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By