Мұхтар Мағауиннің «Елес» әңгімесі арқылы магиялық реализмді сын тұрғысынан ойлау технологиясымен оқыту

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Abstract

Мақалада көркем әдебиеттегі магиялық реализмді сын тұрғысынан ойлау технологиясымен оқыту қарастырылған. Оқыту нысаны ретінде Мұхтар Мағауиннің «Елес» әңгімесі негізге алынды. Білім алушыны сын тұрғысынан ойлауға баулу — шығарманың мәнін ашу, мазмұнын түсіну үшін қажетті білім мен дағдылардың қалыптасуына ықпал етеді. Көркем шығарманы сын тұрғысынан ойлау техно- логиясы арқылы оқытудың тиімділігі мен артықшылығын анықтау және негіздеуге мақаланы жазу ба- рысында баса назар аударылды. Магиялық реализмді оқырманның қабылдауы мен қорытуы арасындағы байланыс оқытушының көңіл бөлуі керек ерекше жағдай екенін атап өту керек. Автор баяндауының маңызы шығарманың сенімді шығуынан көрініс табады. Жазушы шеберлігі көркем шығармадағы қиял мен шешімнің өзіндік үйлесім табуынан білінеді. Білім алушыға сын тұрғысынан ойлауға мүмкіндік беретін сұрақтар қою арқылы шығарманың мәні мен мазмұнын айқындау, өмірлік және әлеуметтік маңызына мән беру, тәрбиелік қырына назар аудару секілді мәселелерге тоқталу керектігіне көз жеткіздік. Шығармадағы көркемдік шешімнің шынайылығы білім алушылардың қызығушылығын арттырды. Автор мен оқырман арасында шығарма арқылы өзіндік диалог құрылғанын әңгіменің түйінінде нақты аңғаруға болады. Сонымен қатар шығарманың қорытындысын оқырманға қалдыру арқылы ойлануға, кейбір детальдарға мән беруге мүмкіндік жасайды. Магиялық реализмнің бір ерекшелігі — тылсым жағдаяттарды шындық ретінде баяндау. Оқиғаны баяндау бары- сында автордың өзіне шек қоймайтыны әңгіме мазмұнынан айқын көрінеді. Оқыту барысында бұл мәселе де қамтылды.

Description

Citation

Айбергенова А.Б. Мұхтар Мағауиннің «Елес» әңгімесі арқылы магиялық реализмді сын тұрғысынан ойлау технологиясымен оқыту/А.Б. Айбергенова, А.І. Айберген, Б.М. Сұлтанова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Педагогика. = Bulletin of the Karaganda University. Pedagogics Series. -2025. №4. 218-226 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By