Шет тілдік білім беруде PBL технологиясы негізінде жазылым дағдысын қалыптастыру
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Abstract
Жобаға бағытталған оқыту оқушылардың шынайы проблемалармен бетпе-бет келуін, бірлескен топта
жұмыс істеуін қаматамасыз етіп, қоғамдық маңызға ие мәселелермен айналысуға мүмкіндік береді.
Жобаны жазу мен дайындау барысында оқушылар ақпаратты біліп қана қоймай тәжірибе жинайды,
креативті ойлауларына еркіндік береді, жасалынған тәжірибеге сүйеніп тұжырымдама жасайды. PBL
технологиясы арқылы жоғары сынып оқушыларының шетел тіліндегі жазылым дағдысын дамытуды
басшылыққа ала отырып, жобалық және жазбаша жұмыстардың орындалу кезеңдері мен бағалау
критерийлері ұсынылды, оның тиімділігін анықтау мақсатында тәжірибелік-педагогикалық экспери-
мент жүргізіліп, оның нәтижелеріне талдау жасалынды. Бұл ғылыми-зерттеуде тәжірибелік-
эксперименттік зерттеу жұмысын жүргізу үшін ең алдымен ғалымдардың осы уақытқа дейінгі бөліп
көрсеткен PBL технологиясы негізінде және жазбаша жұмыс бойынша орындалатын іс-әрекеттер
реттілігін анықтау мақсатында ұсынылған жұмыс кезеңдерінің ұқсастықтары мен
айырмашылықтарын саралай келе жобалық қызметтің нақты бес кезеңі, жазбаша жұмыстың алты
кезеңі айқын реттілікпен орналастырылып құрылды. Орындалған тапсырмаларды, яғни оқушылар
әзірлеген жоба өнімі мен жазбаша жұмыстарды бағалау үшін ғалымдар ұсынған талаптар мен
ережелерді басшылыққа ала отыра, жобалық қызмет пен соңғы өнімді бағалаудың бес критерийі,
жазбаша жұмысты бағалаудың төрт критерийі құрастырылып ұсынылды. Ғылыми-зерттеу
жұмысының теориялық және эксперименттік нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен ұсыныстар
келтірілді.
Description
Citation
Сейдалиева Г.О. Шет тілдік білім беруде PBL технологиясы негізінде жазылым дағдысын қалыптастыру/Г.О. Сейдалиева, А.М. Тоқсанбай, Ш.А. Торгаева//Қарағанды университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Педагогика. = Bulletin of the Karaganda University. Pedagogics Series. -2025. №4. 186-197 б.