Бақытжан Қаратаев және қазақ зиялылары: ұлттық сана мен құқық қорғаудағы қызметі
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің баспасы
Abstract
Бұл мақалада қазақтың белгілі қайраткері, заңгер және ағартушы Бақытжан Қаратаев пен
оның қазақ зиялылары арасындағы орны жан-жақты талданады. Автор тарихи деректер мен мұрағаттық
материалдарды пайдалана отырып, Бақытжан Қаратаевтың ұлттық сана-сезімді оятудағы және қазақ халқының
құқықтарын қорғаудағы қызметін сипаттайды. Мақалада сондай-ақ Қаратаевтың заңгер ретіндегі қызметі, оның
ұлттық мүддені қорғаудағы рөлі және қазақ зиялыларымен бірге жүргізген қоғамдық қызметі қарастырылады.
Оның идеялық мұрасы бүгінгі таңда да өзектілігін жоғалтпаған және тәуелсіз Қазақстанның дамуына негіз
болатын рухани тірек ретінде маңызды. Бақытжан Қаратаев пен оның әулетінің ағартушылық және мәдениет
саласындағы рөлі қазақ халқының рухани дамуына зор ықпал етіп, жас ұрпаққа үлгі болары сөзсіз. Мақаланың
негізгі мақсаты – тарихи тұлғалар мен олардың әулеттерінің еңбегін зерделеу арқылы қазіргі жастарға
тағылымды үлгі көрсету және ұлттық сананы нығайту.
Description
Citation
Құспанова А. Е. Бақытжан Қаратаев және қазақ зиялылары: ұлттық сана мен құқық қорғаудағы қызметі/А.Е.Құспанова//Қазақстан — Менің Отаным Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған студенттердің Х Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары. Ғылыми электрондық басылым = Казахстан — Мое Отечество материалы X Республиканской студенческой научно-практической конференции, посвященной ко Дню Независимости Республики Казахстан. Научное электронное издание. - 2025. 344-346 б.