Ассоциативтік сөздіктің психолингвистикалық аспектісі
Loading...
Files
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Abstract
Мақалада өткен ғасырдың аяғында жарыққа шыққан әртүрлі тілдердің, негізінен, орыс, ағылшын,
славян тілдері, негізгі ассоциативтік сөздіктерінің сипаттамасы келтіріліп, мақала авторларының
жүргізген компьютерлік ассоциативтік эксперимент нәтижесі қоса берілген. Сондай-ақ әлемдік
лингвистика тәжірибесіндегі кең таралған ассоциативтік эксперименттің тарихына қысқаша шолу
жасалған. Сөздіктердің сипаттамасында материалдар жинақталған ассоциативтік эксперименттің түрі
және респонденттердің таңдалуы, сөздіктердің құрылымындағы ерекшеліктер көрсетілген.
Эксперименттер барысында алынған деректерді сөздік мақаласына жазу және оларды талдау
мәселесіне ерекше назар аударылады. Ассоциативтік сөздіктерге шолу жасау барысында
Ю.Н. Карауловтың «Русский ассоциативный словарь», В.Е. Гольдин, А.П. Сдобнова,
А.О. Мартьяновтың «Орыс ассоциативтік сөздігі: I–XI сынып оқушыларының ассоциативтік
реакциялары», Н.В. Уфимцева, Г.А. Черкасова, Ю.Н. Караулов, Е.Ф. Тарасовтың «Славянский
ассоциативный словарь: русский, белорусский, болгарский, украинский» немесе қысқаша түрде
«Славян ассоциативтік сөздігі», Эдинбург ассоциативтік тезаурусының лексикографиялық сипаттары
талданады. Пилоттық сауалнама түріндегі Google форма платформасында 3 тілде (қазақ, орыс,
ағылшын) стимул сөздері ретінде қазақ халқының ұлттық танымын дәл бейнелейтін, ұлттық
концептіні білдіретін тілдік бірліктермен жүргізілген компьютерлік ассоциативтік эксперименттің
нәтижелері кесте түрінде беріледі. Қазақ тілінің ұлттық ассоциативтік сөздігін құрастыру, талдау
барысында оның мазмұнында қазақ халқының табиғатына тән тілдік фактілер көрініс тапты. Сөздіктің
басқа тілдердегі еңбектерден бірден бір ерекшелігі — тұрақты тіркестер, метафора, эпитеттер,
афоризмдер, қанатты сөздердің реакция ретінде берілуі. Сонымен бірге, мақала авторлары психолог
мамандардың зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, ерлер мен әйелдердің тілдік санасы,
дүниетанымы, эмоциясын білдіру амалдары, тіпті ойлауы мен тілдік бірліктерді қолдану тәсілдері де
әртүрлі болып келетінін талдайды. Осындай гендерлік айырмашылықтар ассоциациялардың
статистикалық есебін жүргізе келе анықталып отыр. Осыған байланысты авторлардың реакциялардың
«гендерлік» ерекшеліктері болады» деген гипотезасы ғылыми тұрғыдан дәлелденіп отыр, осылайша
ассоциативтік сөздік арқылы жеке адамның және жалпы қоғамның тілдік санасының гендерлік
айырмашылығы айқындала түседі. Қазақ тілінің ұлттық ассоциативтік сөздігінің жарыққа шығуы
қазақ этносының менталитетінің этно-мәдени ерекшелігін зерделеуге негіз бола алады деп санаймыз.
Себебі бұл сөздік қазіргі қазақ тілінде сөйлейтін тіл иелерінің тілдік санасындағы лингвомәдени және
этноәлеуметтік стереотиптерді көрсетеді, сондай-ақ қазіргі интегративті лингвистиканың өзекті
мәселелерін шешудің көптеген басқа мүмкіндіктерін ашады. Мақала лексикограф мамандарға, тіл
біліміне қызығушылық танытқан көпшілікке арналады.
Description
Keywords
Citation
Медетбекoвa П.Т. Ассоциативтік сөздіктің психолингвистикалық аспектісі/П.Т. Медетбекoвa, Б.Қ. Қoрдaбaй, М.К. Мамбетова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology Series. -2025. №3. 51-63 б.