Орталық Азиядағы су-энергетикалық қатынастар тарихы: табиғи фактор
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Abstract
Орталық Азия су-энергетикалық ресурстармен байланысты проблемаларға тап болды. Ең алдымен, біз
қысымның жоғарылауына ықпал еткен климаттық жағдайлар, мұздық сулардың еруі және
деградациясы сияқты табиғи факторлар туралы айтып отырмыз. Нәтижесінде, бұл аймақ мемлекеттері
арасында су мен энергияға қол жеткізу үшін бәсекелестікке әкелді. КСРО кезеңіндегі
технологиялардың ескіруі, құқықтық тетіктердің, ережелер мен технологиялық қорытындылардың
жетілмеген базасы Орталық Азия мемлекеттері арасындағы саяси келіспеушіліктер мен күрделі
қатынастарға алып келді. Орталық Азия өңірінде су-энергетикалық қатынастар проблемаларының
кешенді өңдемелері жоқ, зерттелетін проблеманың кейбір аспектілері ғана қарастырылады. Оларға
Орталық Азияның су-энергетикалық ресурстары факторының қауіпсіздікке, экономикаға, саясатқа,
көші-қонға әсеріне арналған жұмыстар жатады. Мақалада авторлар архив материалдары, сұхбат,
шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектері негізінде Орталық Азия мемлекеттерінің су-
энергетикалық қатынастары тарихындағы табиғи факторды зерттеді. Авторлар су-энергетикалық
ресурстарды пайдалануда өңір мемлекеттері арасындағы жанжалды әлеуетті болдырмау бойынша
болжамдар келтіреді.
Description
Citation
Кенжеғали Ж.М. Орталық Азиядағы су-энергетикалық қатынастар тарихы: табиғи фактор/Ж.М. Кенжеғали [және т.б.]//Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия. = Bulletin of the Karaganda University. History. Philosophy Series. -2024. №4. 52-59 б.