Этноцентризм және шығу туризміндегі мәдениетаралық коммуникация кедергілері

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Abstract

Діни және мәдени айырмашылықтармен ерекшеленетін демалыс аймақтарында туристер арасындағы достық ортаны қалай қалыптастыру туралы сұрақтар іс жүзінде соңғы уақытқа дейін тек психология- лық, экономикалық жағынан, заң немесе мемлекеттік басқару аясында ғана қарастырылып келеді. Ал туристердің жекелеген мақсатты сегменттері барысында бұл мәселеге, яғни мәдениетаралық комму- никацияға көзқарастар трансформацияға ұшырады. Мақалада туристік қызметтердің сыртқы нарығы- на жұмыс істейтін фирманың туристік қызметіне байланысты мәдениетаралық коммуникация тұрғы- сынан зерттеу нәтижелері ұсынылған. Зерттеу барысында этноцентризмнің кейбір формалары анық- талып, мәдениетаралық қатынастардың белгілі-бір кедергілер тудыратыны, оның туристік нарықтың дамуына оң және теріс әсері қарастырылған. Қойылған міндеттерді шешу үшін оң және теріс кедергі- лерді анықтау үшін мамандарға, әртүрлі елдердің туристік компанияларының қызметкерлеріне және «Kaztour» қазақстандық туристік агенттігі және «Fun& Sun Kazakhstan» туроператорының басшылары мен серіктестерінен авторлар сараптамалық сауалнама жүргізген, яғни туристер мен туристік агент- тіктердің қызметкерлері арасындағы қарым-қатынас деңгейі талданған. Мақалада шығу туризмі кезін- дегі кедергілер және олардың көріністері, қазақстандық туристердің тұру аймақтарына байланысты өңірлер арасындағы кедергілер көрсеткіштері (шығу туризмі) анықталды. Сонымен қатар, зерттеу нә- тижелері мәдениетаралық қарым-қатынас дағдыларын меңгеру үшін туристік сала қызметкерлері мен туристер арасындағы байланыс орнату, туристік қызметтер мен нысандарды жобалау және іске асыру қызмет көрсету кадрларын даярлаудың мақсаттарына тиімді болып келеді.

Description

Citation

Алибаева А.Н. Этноцентризм және шығу туризміндегі мәдениетаралық коммуникация кедергілері/А.Н. Алибаева, Н.К. Альджанова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия. = Bulletin of the Karaganda University. History. Philosophy Series. -2024. №1. 149-159 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By