Стоиктер іліміндегі тағдыр идеясы философиялық мәселе ретінде
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Abstract
Мақалада ең алдымен тағдыр идеясына қатысты алуан түрлі көзқарастар қарастырылып, тағдыр мәсе-
лесіне тарихи-философиялық талдау жасалған. Тағдыр мәселесінде бір жағынан адамның еркін таңда-
уына және оның өмірінің алдын ала анықталғандығына да қатысты бір-біріне екі қарама-қарсы көзқа-
растар айқындалады. Қоғамның құрылысы және ондағы әлеуметтік мәдени даму деңгейіне қарамас-
тан, қоғам дамуының барлық кезеңдерінде осы тағдыр мәселесінің шешімі екіұшты және өткір пікір-
талас тудыратын мәселе болып қала беретіндігі белгілі. Авторлар жаһанданудың тарихи контексінде
және әлеуметтік трансформациялар жағдайында қарастырылатын адамзат тағдырын түсінудің мән ма-
ғынасына зерттеу жүргізген. Осыған байланысты стоиктер философиясының тағдыр идеясына байла-
нысты ұсынған ойлары қазіргі заманымыздағы адамзат баласының адамгершілік, этикалық мінез-
құлығына ерекше мағына береді. Сонымен қатар, стоиктердің әртүрлі дағдарыстық жағдайларды ше-
шу барысында осыларды қолданудың потенциалды мүмкіндігі қарастырылған. Стоицизм идеяларына
философиялық талдау жасау арқылы олардың қазіргі өмір сүріп отырған заманымыздағы өзектілігі
көрсетілген.
Description
Keywords
Citation
Дағарова Ж.Ө. Стоиктер іліміндегі тағдыр идеясы философиялық мәселе ретінде/Ж.Ө. Дағарова, Ғ.Р. Сейфуллина, С.М. Аралбай//Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия. = Bulletin of the Karaganda University. History. Philosophy Series. -2024. №1. 133-140 б.