Қазақстанның кеңестік басқару жүйесіндегі құпия іс жүргізу (1920-1930 жж.)
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Abstract
Мақалада Қазақстан Республикасы Президенті архивінің жария 719-қор құжаттарын тыңғылықты
талдау негізінде 1920-1930 жылдары Қазақстанның кеңестік басқару жүйесіндегі құпия іс жүргізу қа-
растырылып, талдау жасалған. Құпия іс жүргізудің кеңестік басқару жүйесіндегі рөлі мен маңызы,
оның дәстүрлі іс жүргізуден ерекшелігі отандық гуманитарлық ғылымда зерттеу объектісіне алынба-
ған тақырыптың бірі. Ол құпия құжаттарды дайындау, олардың қозғалысын ұйымдастыру және сақ-
тауды қамтитын бірнеше сатылы күрделі үрдістерді қамтиды. Қоғамдағы ірі саяси, әлеуметтік, эконо-
микалық реформалармен тығыз байланысты кеңестік басқару жүйесінде құпия іс жүргізудің құдіретті
күшке айналуы заңды еді. Кеңестік мемлекеттің стратегиялық бағыттары — әскери, қаржы-
экономикалық, саяси дамуға қатысты құпия мәліметтері үш санатқа бөлінді. Құпия құжаттарды қа-
былдау, жөнелту тәртібі ерекше нұсқаулықпен белгіленіп, оны ұйымдастыру жұмыстары Мемлекеттік
саяси басқарманың Құпия бөлімшелеріне жүктелді. Көппәндік контексте зерттеуді қажет ететін бұл
тақырып кеңестік бақылау органдарының қызметінде қалыптасқан қолжетімді түрлі құпия құжаттар-
ды талдау көмегімен жүргізілді.
Description
Citation
Ысқақ А.С. Қазақстанның кеңестік басқару жүйесіндегі құпия іс жүргізу (1920-1930 жж.)/А.С. Ысқақ, Ғ.Б. Жұматай//Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия. = Bulletin of the Karaganda University. History. Philosophy Series. -2024. №1. 121-131 б.