Жұмабек Ахметұлы Ташеневтің қоғамдық саяси-қызметі
Loading...
Files
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Abstract
Мақала белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, тың игеру жылдарындағы республиканың алғашқы
басшыларының бірі — Жұмабек Ахметұлы Ташеневтің қоғамдық, саяси тұлғасына арналған. Ол Қа-
зақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының төрағасы қызметін атқарды, кейін республика үкіметін бас-
қарды. Осыған байланысты мақала авторлары Ж.А. Тәшеневтің қоғамдық-саяси қайраткер ретіндегі
тұлғасын тарихи зерттеуге әрекет жасап, оның өмірі мен қызметіне баға берген. Ж.А. Тәшеновтің Қа-
зақстанның экономикасы мен мәдениетін дамытудағы рөлі сипатталған және осы көрнекті мемлекет
және партия қайраткерінің ел алдындағы еңбегін мәңгілікке қалдыру қажеттілігін негіздейді. Автор-
лар Ж.А. Тәшеневтің басты еңбегі оның Қазақстанның аумақтық тұтастығын сақтау үшін күресі деп
тұжырымдайды.
Description
Citation
Апашева С.Н. Жұмабек Ахметұлы Ташеневтің қоғамдық саяси-қызметі/С.Н. Апашева [және т.б.]//Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия. = Bulletin of the Karaganda University. History. Philosophy Series. -2024. №1. 25-31 б.