Шәкәрім поэзиясындағы текстология мәселелері

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Abstract

Мақалада Шәкәрім шығармаларындағы текстологиялық мәселелер талқыланды. Шәкәрім ақын өлеңдерінің әр түрлі мәтінмен басылуы, оларды бірізге түсіру жолдары қарастырылды. Ақынның көзі тірісінде жарық көрген кітаптары мен ХХ ғасыр басында баспасөз беттерінде жарияланған шығармаларына өзі қадағалаған мәтін ретінде қарау ұсынылады. Сондай-ақ ақынның баласы Ахат Шәкәрімұлының қолжазбалары басшылыққа алынып, қатаң салыстырулар жасалғанда ғана нәтижеге қол жеткіземіз. Шәкәрім өлеңдерінде қате оқылып жүрген сөздер 1912 жылғы жинақ негізінде дәлелденді. Мақаламызда Шәкәрім ақын сөздерін мейілінше дұрыс оқуға тырыстық. Мақсат — Шәкәрім шығармаларының текстологиясы зерттеушілерін күтіп тұрған ең көкейкесті мәселе екендігіне қайталап назар аудару. Қ. Мұхамедханов, М. Мырзахметұлы, Ғ. Қабышұлы жекелеме өлеңдерінің мәтініне қатысты ойларын ортаға салды. Ғылыми қауым, әдеби орта әбден тексерілген, түбегейлі салыстырылған мәтінге мұқтаж. Сонда ғана шын мағынасындағы толық академиялық жинақ өз оқырманын табады.

Description

Citation

Смагулова А.Т. Шәкәрім поэзиясындағы текстология мәселелері/А.Т. Смагулова, А.С. Еспенбетов, Б.А. Ердембеков//Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology Series. -2024. №1. 119-127 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By