Сән дискурсы жөнінде
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Abstract
Мақала институционалды дискурстың бірі — сән дискурсының жалпы сипатына арналған.
Адамгершілік нормаларының, жеке адам және билік, жеке тұлға және ұжым арасындағы қарым-
қатынастың мінез-құлық стандарттары өзгерумен қатар, адамдар арасында өзінің индивидуалды
ерекшеліктерін киген киім арқылы қоғамқа сөзсіз (бейвербалды) жеткізу кеңінен тарай бастады.
Осыған байланысты қоғамда сән дискурсының маңызы арта түседі. Адам киім арқылы қоршаған
ортаға өз болмысын көрсетеді. Сән қазіргі өмірдің көп қырлы құбылыстарының бірі болып табылады,
сәйкесінше сән дискурсы жарнамалық, педагогикалық, ғылыми, білім беру, өнертану, тарихи,
бұқаралық ақпарат құралдары және басқа да дискурстармен тоғысқан күрделі сипатқа ие. Сән
әлемінің тілдік репрезентациясында дискурс, сән, киім, стиль сөздері жиі қолданылады. Мақалада
аталған тілдік бірліктер қолданысы талданған.
Description
Keywords
Citation
Камзанов Д. Сән дискурсы жөнінде/Д. Камзанов, А.С. Адилова, Б.С. Каукербекова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology Series. -2024. №1. 73-79 б.