12+1 үлгісінің мифтік және лингвистикалық интерпретациясы

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Abstract

Мақалада он екі санының символикасы, сакралдық мәні сөз етілген. Зерттеудің басты материал- дары — мифтер, күнтізбелік аңыздар, тұрақты тіркестер, сөздіктер, түркі тіліне қатысты жәдігерлер. Сонымен қатар мақалада «шоғым» таңбасының мифтік-лингвистикалық интерпретациясы әдісі қолданылған. Автор 12 санының мән-мағынасын түсіндіруде шеңбер ішінде нүкте символының 12+1 үлгісін (моделін) пайдаланған. Осы үлгі негізінде 12 санына қатысты мифтік, діни, тілдік, этнографиялық деректерді талдаудың жаңа моделі ұсынылған. 12+1 моделі арқылы жасалған 13 санының да семантикасы ашылып, оның қасиетті және қайғы-қасірет мағыналарының пайда болуы түсіндірілген. Зерттеудің нәтижесінде «бесқонақ», «ұлы мүше» секілді ұғымдардың мәні мифтік- лингвистикалық ашылды және «нүктені» символдайтын ұғымдар («өмір беруші», «өмірлік бастау», «ана», «жатыр», «құрсақ») Ұмай, Хауа есімдерімен байланыстырыла талданған.

Description

Citation

Хасенов Б.Р. 12+1 үлгісінің мифтік және лингвистикалық интерпретациясы/Б.Р. Хасенов/Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology Series. -2024. №1. 6-15 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By