Смарт келісім-шартты құқықтық реттеу тұжырымдамаларын талдау
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Abstract
Зерттеудің мақсаты инновациялық технология — блокчейн технологиясын қолдану арқылы оның
негізгі бір құрамдас бөлшегі болып табылатын, қоғамдық қатынастарды қалыптастырушы тараптар
арасындағы басты байланысты негіздейтін смарт келісім-шарттарды зерделеу. Смарт келісім-
шарттарын қалыптастыру мен отандық және халықаралық қатынастардағы құқықтық реттелу
ерекшеліктерін талдауға бағытталған. Смарт келісім-шарттарын қалыптастыру мақсатында оның
жалпы түсінігі мен өзіндік ерекшеліктері, смарт келісім-шарттарын қалыптастыруда блокчейн
технологиясының әлеуеті зерттелген. Смарт келісім-шарттарын қалыптастыруда технологиялық
жүйенің басымдықтары мен осал тұстары ашылған. Шетелдік тәжірибелер зерттеліп, смарт келісім-
шарттарын қалыптастыру технологиясы тетіктерін қолданысқа енгізу үшін Қазақстанның
заңмасындағы, оның ішінде азаматтық құқық саласы заңнамасы негіздері зерттелген. Блокчейн
технологиясын жүзеге асыруда маңызды орын алатын смарт келісім-шарттардың оңтайлы жақтары
мен өзіндік кемшіліктері талқыланып, олардың алдын алуға мүмкіндік беретін жағдаяттар
түсіндіріледі. Зерттеу нәтижесінде Қазақстандық заңнамаға бұл ақпараттық-коммуникалық
технологияны енгізуге құқықтық негіздер анықталған. Блокчейн технологиясын қарқынды дамытатын
смарт келісім-шарттар туралы тұжырымдар қоғамдық қатынастардағы шарттық қатынастарды жетік
шыңдайтын құрал ретінде қарастырып, осы бағыттағы құқықтық зерттеулерге жол ашатын ғылыми
зерттеу ретінде маңызды. Смарт келісім-шарттарын қалыптастыруда қабылданып жатқан шаралардың
тиімділігін арттырып, қоғамдық қатынастарды сапалы жоғары заңды деңгейде қалыптастыруға
мүмкіндік беретін электрондық шарттық қатынастардың дамуына септігін тигізіп, нәтижесінде
әлеуметтік-экономикалық дамуға негіздер жасалуы зерттеудің тәжірибелік маңызы болмақ. Зерттеу
нәтижелері смарт келісім-шарттарын қалыптастыруда, мемлекеттік, квазимемлекеттік сатып алулар,
мемлекеттік қызметтер көрсету, сонымен өзге де көптеген салаларда қолданылуы мүмкін.
Description
Citation
Базаров М.М. Смарт келісім-шартты құқықтық реттеу тұжырымдамаларын талдау/М.М. Базаров, Р.А. Токатов//Қарағанды университетінің хабаршысы. Құқық сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Право. = Bulletin of the Karaganda University. Law Series. -2024. №1. 114-127 б.