Қазақстан Республикасының цифрлық кеңістігіндегі баланың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері
Loading...
Files
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Акад. Е.А. Бөкетов ат. Қарағанды ун-ті КЕАҚ баспасы
Abstract
Интернет-технологиялардың қарқынды дамуы барлық жастағы пайдаланушылар санының, соның
ішінде деструктивті ақпараттың тұтынушылары болып табылатын балалар санының күрт өсуіне
әкелді. Қазіргі заманғы әлемдік тенденциялар қауіп-қатерлер мен онлайн-тәуекелдердің жаңа
форматтарының пайда болуын білдіреді. Балалар ғаламдық Интернет желісінің белсенді
пайдаланушылары болып саналады және олардың көпшілігі виртуалды кеңістіктегі ақпараттың
қауіптілігін білмейді, атап айтқанда алкогольді, есірткіні тұтынуды, зорлық-зомбылық пен
қатыгездікті, агрессивті және суицидтік мінез-құлықты және т.б. Авторлар кибербуллинг сияқты
ақпараттық қауіптердің сипаттамаларын анықтаған, балалар суицидінің проблемаларын, оның ішінде
әлеуметтік желілердегі «өлім топтары» деп аталатын ойындардың зиянын қарастырған. Бүгінгі күнде
мемлекет тарапынан іс-шаралар жоспарлары ұсынылды, сондай-ақ жаһандық ақпараттық кеңістікте
баланың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін алдын алу шаралары жүргізілуде. Мақалада
осы мәселе бойынша жарияланымдарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердің
нормативтік-құқықтық актілерін шолу негізінде еліміздегі және басқа елдердегі ақпараттық
қауіпсіздік мәселесін шешудің мысалдары келтірілген. Мәселені одан әрі зерделеу және ақпараттық
қатерлер мен онлайн-тәуекелдердің туындауын болдырмауға бағытталған профилактикалық іс-
шараларды әзірлеу қажеттілігі мәселелері ашылған. Осындай құқықбұзушылықтардың алдын алу
мақсатында әлеуметтік және құқықтық бағыттағы шараларды әзірлеудің орындылығы туралы
қорытынды жасалды. Жүргізілген зерттеу нәтижелері Қазақстан Республикасында балалардың
ақпараттық қауіпсіздігін құқықтық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру бойынша авторлар ұсынған
ықтимал шаралар болып саналады.
Description
Keywords
Citation
Акимжанова М.Т. Қазақстан Республикасының цифрлық кеңістігіндегі баланың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері/М.Т. Акимжанова, Г.А. Ильясова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Құқық сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Право. = Bulletin of the Karaganda University. Law Series. -2023. №4. 88-99 б.