Мемлекеттік тілді заңның тілі ретінде қалыптастыру

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ баспасы

Abstract

Мақалада елімізде заңдардың ресми орыс тілінде әзірленіп, қабылдануынан кейін мәтінін мемлекеттік тілге аударудың салдары туралы мәселелер талқыланған. Авторлар мемлекеттің егемендігіне тұрақ- тылық беретін қасиеттің бірі ретінде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру өте маңызды екеніне көз жеткізген. Орыс тілінен қазақ тіліне аударылған заңның мәтініндегі дұрыс емес әрі түсініксіз ауда- рылған баптарды құқыққолдану тәжірибесінде қолдануда қиындықтар кездесетіні мәлім. Сонымен қа- тар ҚР Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім), ҚР Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім), ҚР Кәсіпкерлік ко- дексі, ҚР «Қайырымдылық туралы» Заңының орыс және қазақ тілдеріндегі мәтіндеріндегі теңтүпнұс- қалық қағидасына сәйкес келмейтін кейбір қате аудармаларды айқындап, олардың дұрыс аудармалары ұсынылған. Қате аудармалардың орын алу себебі заң шығару процесінде заңдық техника талаптары- ның, соның ішінде, заңдық лингвистика бойынша заңдық терминологияларды аударуда бірізділіктің сақталмауынан деген қорытынды жасалған. Мақала авторлары заңдардың қазақ тіліндегі мәтіндерінен анықталған қате аудармаларға талдау жүргізе отырып, мемлекеттік тілімізді заңның тіліне айналды- рудың құқықтық тетіктерін ұсынған. Қорытындыда осындай құқықтық реттеу тетігін орнату жолымен ғана мемлекеттік тілді заңның тілі ретінде қалыптастыру мәселесін шешу қажеттігі негізделген.

Description

Citation

Тоқатов Р.А. Мемлекеттік тілді заңның тілі ретінде қалыптастыру/Р.А.Тоқатов, Г.А.Ильясова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Құқық сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия право. = Bulletin of the Karaganda University. Law series. -2023. № 2(110) Б. 92-100.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By