Азаматтық институтының конституциялық-құқықтық негіздері
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ баспасы
Abstract
Мақалада Қазақстан Республикасының және шет елдердің қолданыстағы заңнамасын, азаматтық сала-
сындағы ғылыми әдебиеттерді зерттеу және талдау негізінде азаматтық институтын құқықтық реттеу-
дің өзекті мәселелері зерттелген. Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Респуб-
ликасының азаматтығы туралы» Заңды зерттеуге басты орын берілген, ал азаматтықты конституция-
лық-құқықтық реттеудің шетелдік тәжірибесі қарастырылған. Сонымен қатар азаматтық институттың
мемлекет пен қоғамның дамуына, азаматтық қоғамның қалыптасуы үшін маңызды екендігі көрсетіл-
ген. Авторлар конституционализм теориясы мен практикасының басты мәселелерінің бірі — консти-
туциялық азаматтық институты арқылы адамның құқықтары мен бостандықтарын дамыту және қам-
тамасыз ету екенін атап өткен. Мақала авторлары азаматтық ұғымын анықтап, оның конституциялық-
құқықтық ұйымдастыру мәні мен маңызын айқындау мәселелері бойынша негізгі көзқарастарды
ұсынған. Атап айтқанда, құқықтың жалпы жаһандануы мен интернационалдануына байланысты Қа-
зақстан Республикасының Конституциясы тұтастай алғанда конституциялық құқық дамуының әлем-
дік тенденцияларына сәйкес келетіндігі туралы қорытынды жасалған. Конституциялық-құқықтық
заңнаманы одан әрі жетілдіру бағыттарының бірі ретінде конституциялық-құқықтық заңнамаға адам
құқықтары жөніндегі халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары мен нормалары туралы
ережені енгізу туралы ұсыныс тұжырымдалған.
Description
Citation
Балгимбекова Г.У. Азаматтық институтының конституциялық-құқықтық негіздері/Г.У.Балгимбекова, Ф.А.Ержанова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Құқық сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия право. = Bulletin of the Karaganda University. Law series. -2023. № 2(110) Б. 21-31.