Қазақстан Республикасында халықаралық теміржол тасымалдарын ұйымдастырудың мәселелері мен жетілдіру болашағы

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ баспасы

Abstract

Мақаланың мақсаты ― Халықаралық теміржол тасымалын ұйымдастырудың мәнін және рөлін белгілеу, оны жетілдіру жолдарын анықтау. Мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды және шешілді: көлік жүйесінің халықаралық тасымалды жетілдірудегі орны мен рөлі; Қазақстан Республикасындағы халықаралық теміржол тасымалын ұйымдастыруды зерттеу және тиімділігін бағалау; «Қазақстан темір жолы» ҰК ЖАҚ жү- зеге асыратын Қазақстан Республикасындағы халықаралық тасымалдаулардың көрсеткіштерін талдау; сыртқы экономикалық қызметте көліктік қолдауды жетілдіру мақсатында көліктік индустрияны дамытудың негізгі ба- сымдықтарын айқындау. Әдісі: Әдіснамалық негізді экономика классиктерінің негізгі теориялары, Қазақстан Республикасында ха- лықаралық теміржол тасымалын ұйымдастыру мәселелері бойынша шетелдік және отандық ғалымдар мен ма- мандардың жұмыстары, сондай-ақ әдебиеттерді жүйелі талдау, құжаттарды контенттік талдау, сарапшылармен сұхбат, синтетикалық талдау әдісі және салыстырмалы талдау құрайды. Қорытынды:Қазақстанның темір жол секторын дамыту стратегиясы сауданың қолайлы жағдайларын ұсынатын халықаралық темір жол көлік жүйесін көздейді. 2030 жылға қарай бұл жүйені бүкіл аймақта жылдам, тиімді, қол жетімді және пайдалану оңай болады. Осы мақсатқа жету үшін негізгі міндеттер теміржол және мультимодальды инфрақұрылымды жетілдіру, теміржол қызметін коммерцияландыру және реформалау болып табылады. Осы үш компонентті коммерцияландыру реформалары мен саясатының кешенді пакетіне біріктіру теміржол көлігін тартымды етуге және оның жалпы көлік желісіндегі үлесін арттыруға бағытталған. Тұжырымдама: Қазақстанның дамуы үшін аса маңызды мәселе, Қазақстанның Еуропа мен Азияны жал- ғайтын жерүсті халықаралық дәліздеріне белсенді қатысуы. Бұл тек қана, өнімдерді халықаралық нарықтарға тиімді жеткізу емес, сонымен қатар транзиттік тасымалдаудан түсетін төлемдердің ел пайдасына түсетіндігінде. Көлік инфрақұрылымы ― индустриялық экономика мен қоғамның тамырына қан жүгіртетін жүйе. Сапалы за- манауи магистральдарсыз дамыған ел болмайды. Теміржол көлігі ― республиканың көлік кешеніндегі маңыз- ды қатынас құралы, көлік инфрақұрылымындағы басты буын. Қазақстанның географиялық жағдайы, оның ұлан-байтақ аумақты алып жатуы, өндірістің шикізаттық құрылымы, өндіргіш күштердің орналасуы, автожол инфрақұрылымының жеткілікті дамымағандығы себепті темір жол көлігінің ел экономикасындағы рөлі айрық- ша маңызды.

Description

Citation

Шакирова Г.А. Қазақстан Республикасында халықаралық теміржол тасымалдарын ұйымдастырудың мәселелері мен жетілдіру болашағы/Г.А.Шакирова [et al]//Қарағанды университетінің хабаршысы. Экономика сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия экономика. = Bulletin of the Karaganda University. Economy series. -2023. № 2(110) Б.285-296.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By