Ақылды қалаларды дамытудың негізгі критерийлерін факторлық талдау негізінде анықтау

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ баспасы

Abstract

Ақылды қалаға қойылатын талаптарды зерттеу және оның дамуы үшін маңызды деп саналатын әрбір элементке басымдық беру үшін аналитикалық иерархия процесінің (АИП) әдістемесін қолдану. Әдісі: Мақалада статистикалық және сауалнамалық әдістер қолданылған. Сауалнама жауаптары SPSS 22. бағдарламасына енгізіліп, ақылды қала құру үшін өзгермелі элементтеріне қатысты нормативті тест нәтижелері мен факторлық талдау жасалған. Қорытынды: Ақылды қала ― бұл қала тұрғындарының әл-ауқатына, өмір сүру сапасына, экономикалық, технологиялық, ұтқырлық, қоршаған ортаға қолайлылық аспектілерін қамтитын қала. «Ақылды қала» мәртебе- сіне жету үшін өлшемдерді ескеру қажет. «Ақылды қала» жоспарлаушылары қабылдаған стратегиялық шешім- дері қаланың қоршаған ортаға қатысты қоғамға ықпал ететін инновациялар негізін құру үшін заманауи техно- логияларды пайдалану арқылы ресурстар мен мүмкіндіктерді қалай пайдаланатынын анықтауда маңызды рөл атқарады. Ақылды қалалар адамзаттың әртүрлі элементтеріне, оқытуға, қоршаған ортаға, технологиялық ин- фрақұрылымға, әлеуметтік дамуға және қалалық өсуге бағытталған. Тұжырымдама: Ақылды орта мен ақылды ұтқырлық «ақылды қаланы» сәтті салудың екі маңызды факто- ры екендігі анықталды. «Ақылды қалаларды» қалыптастыратын нақты құндылықтар «ақылды экологиялық тә- жірибе», «ақылды басқару», «ақылды өмір», «ақылды ұтқырлық», «ақылды адамдар» және «ақылды экономи- ка» сияқты факторлардың тепе-теңдігіне негізделген. Бұл негізгі өлшемдер «ақылды қала» тұжырымдамасын жүзеге асыруға көмектесетін технологияларды қолдану үшін бірге жұмыс істейді.

Description

Citation

Кулбаева А.А. Ақылды қалаларды дамытудың негізгі критерийлерін факторлық талдау негізінде анықтау/А.A.Кулбаева [et al]//Қарағанды университетінің хабаршысы. Экономика сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия экономика. = Bulletin of the Karaganda University. Economy series. -2023. № 2(110) Б.228-234.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By