Цифрландыру жағдайында электрондық коммерцияны дамыту
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ баспасы
Abstract
Қазіргі уақытта Қазақстанда цифрлық экономика қалыптасу сатысында тұр, осыған байланыс-
ты өңірлерде АКТ даму деңгейін зерттеу мен талдау ерекше өзектілікке ие болуда. Тұтастай алғанда, Қазақстан
өңірлерін цифрландыру елдің экономикалық даму қарқынын жеделдетуге мүмкіндік береді. Басты міндет ―
халықтың өмір сүру сапасын жақсарту. Цифрлық технологияларды орта мерзімді перспективада пайдалану
жоспарлануда. Сонымен қатар, жақын арада дамудың жаңа кезеңіне өту, ұзақ мерзімді перспективада цифрлан-
дыруды қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалатын болады. Мақаланың мақсаты ― Қазақстан Республикасы-
ның цифрландыру жағдайында электрондық коммерцияны дамыту бойынша ұсыныстарды әзірлеу.
Әдісі: Мақаланың теориялық және әдіснамалық негізі экономика классиктерінің негізгі теориялары, элек-
тронды кәсіпкерлік қызметі мәселелері бойынша шетелдік және отандық ғалымдар мен мамандардың жұмыста-
ры, яғни ғылыми мақалалар, монографиялар, экономикалық шолулар, конференция материалдары.
Қорытынды: Интернет-пайдаланушылар санының тұрақты өсуі және интернет-технологиялардың жедел
дамуы жағдайында электрондық сауданы басқарудың негізгі элементі мақсатты тұтынушыларды тарту үшін ең
қолайлы интернет-платформаның көрсеткіштері.
Тұжырымдама: Қазақстандық сатушылар жергілікті ғана емес, сонымен қатар халықаралық маркетплейс-
тердің алаңдарында өздерінің қатысуын арттыруда. Қазақстандық сатып алушылар Интернет-сатып алулар се-
бетін әртараптандырып, қазір оған автокөлік тауарлары мен күнделікті сұранысқа ие тауарларды белсенді қоса-
ды. Қазақстандық бөлшек электрондық коммерция секторындағы бес сатып алудың төртеуі маркетплейстерде
жасалды.
Description
Citation
Андарова Р.К. Цифрландыру жағдайында электрондық коммерцияны дамыту/Р.К.Андарова, М.Ә.Нұржан, Ж.М.Есполова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Экономика сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия экономика. = Bulletin of the Karaganda University. Economy series. -2023. № 2(110) Б.164-172.