Қазақ прозасындағы экзистенциалистік концепция
Loading...
Files
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
"Акад. Е.А. Бөкетов ат. Қарағанды ун-ті" КЕАҚ баспасы
Abstract
Мақалада философия мен әдебиетте ХХ ғасырда үлкен мәнге ие болған экзистенциализм ағымының
негізгі ұстанымдары көрсетілген. ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасында байқалған экзистенциализм
ағымының белгілері М. Әуезов әңгімелері арқылы анықталады. Экзистенциализм ағымын әдебиеттің
басқа да ағымдарымен салыстыра келіп, 1970-80-жылдар прозасына үлкен ықпал жасағаны
Д. Исабеков, О. Бөкей, Ә. Кекілбаев шығармалары негізінде дәлелденген. Қазақ прозасының даму ке-
зеңдеріне баға бере отырып, бұл ағымның әдеби образдар жасауда қаншалықты әсері болғандығы қа-
растырылған. Жекелеген жазушылардың көркем шығармаларын талдай отырып, олардағы экзистен-
циалистік концепцияның сипаттары зерттелген. Осы арқылы қазақ прозасының эстетикалық-
философиялық тұрғыдан тереңдей түскендігі, әдеби образдар шеңберінің ұлғайғандығы, қоғамдық са-
намен бірге көркем ойлау дәрежесінің де өзгерістерге ұшырағаны туралы тың тұжырымдар жасалған.
Description
Citation
Жарылғапов Ж.Ж. Қазақ прозасындағы экзистенциалистік концепция/Ж.Ж. Жарылғапов//Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology Series. -2023. №1. 87-94 б.