Қасым Аманжолов — көркем аударма шебері
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарУ баспасы
Abstract
Мақала қазақ әдебиетінің классигі, ақын Қасым Аманжоловтың көркем аударма саласындағы
шығармаларын зерттеуге арналған. Оның орыс әдебиетінің аса көрнекті өкілдері ―
М.Ю. Лермонтовтан, А.С. Пушкиннен, Н.А. Некрасовтан, В.В. Маяковскийден аударған өлеңдерінің
идеялық–көркемдік ерекшеліктері талданған. Орыс ақындарының қазақ тіліндегі бірнеше
нұсқаларымен Қ. Аманжолов аудармалары салыстырылған. Түпнұсқа мен аударма арасындағы
ұқсастықтар мен айырмашылықтарға әдеби-теориялық талдаулар жасалған. Түпнұсқалардың
құрылымы мен қазақ ақынының аударма барысында қолданған тәсілдері көрсетілген. Буын,
тармақтардың сақталуы, аударма–шығармалардағы идеяның жеткізілуі, стильдің дәл берілуі, тіл
шұрайы қарастырылған. М. Лермонтов өлеңдерін аударудағы Абай тәжірибесі мен Қ. Аманжолов
аудармаларының арасындағы өзгешелік сипаттар зерттелген. Осы арқылы қазақ әдебиетіндегі көркем
аударма дәстүрінің қалыптасып, дамуындағы Қ. Аманжоловтың орнын айқындауға тың қадамдар
жасалады.
Description
Citation
Жарылғапов Ж.Ж. Қасым Аманжолов — көркем аударма шебері/Ж.Ж. Жарылғапов, Б. Оразова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology Series. -2022. №1. 110-116 б.